Космостық кеңістіктегі тәжірибелер
блог
Космостың кеңістігінде бірнеше ойша тәжірибе жасап көрейік.
1) Ашық космоста, кәдімгі су сұйықтық күйінде үлкен іріткі болып қалқып жүр дейік. Вакуумды сорап көмегімен оны жинап алуға бола ма?
2) Космостық кеме ішінен кәдімгі ауамен толтырылған шарды ашық космосқа алып шықса онда не болады?
3) Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарын қатты дене деп оны үлкен суға толған ыдыстың ішіне салсақ не болады?
4) Жердің орбитасы автотрасса десек, біз аялдамада тұрғанда жер қасымыздан қандай жылдамдықпен өте шығар еді?
Сұрақтарға жауап іздейік.
1) Вакуумдық сорапқа цилиндр — поршеньді саяжайларда көп кездесетін сорап жатады. Вакуумдағы сұйықтықты вакуумдық сорап сормайды. Жерде ондай сорап көмегімен тек 10 метрге тереңдіктегі құдықтағы суды шығаруға болады. Себебі, сұйықтық тұрған құдық ішіндегі су бетіне түсетін ауа салмағы 1 квадрат сантиметріне 1 килограмм. Сорап үстінде вакуум жасау арқылы төмендегі судың қозғалысына орын ашамыз. Суды бетіне ауа салмағының қысымы түскен соң ғана су қозғалысқа келеді! Қоршаған ауа қысымы (салмағы) 10 метрден суды жоғары көтермейді, өйткені құбыр ішіндегі судың және ауаның салмағы теңеседі. Ашық космоста ауа қысымы жоқ, вакуумдық сорап жұмыс істемейді. Жерде адам үстіне 1 тонна ауа салмағы түседі. Адам ағзасы ондай ауаның қысымына әбден бейімделген. 1 квадрат метрге 10000 килограмм ауаның салмағы түседі (өйткені 1 квадрат метрде 10000 квадрат сантиметр бар). Осындай қысымды 1 атмосфера дейді.
2) Жердің әр түпкірінде өтетін мерекелерде әсемділік үшін адамдар жеңіл газбен толтырылған түрлі-түсті шарларды қолдарына ұстайды. Сондай бір шар аспанға ұшуға қоя бердік дейік. Ол шармен не болады? Жерден жоғары көтерілген сайын қоршаған ауа қысымы азая түседі, сол себепті шардың ішіндегі газ оның бетін ішінен керіп қосымша күш түсіреді. Шар беті мықты болмаса үлкейе — үлкейе жарылады. Шар беті мықты болса, онда 20-50 км биіктікте қалғып ұшады. Дәл осылай космонавтың қолындағы шар өзін-өзін ұстайды. Бәрі бетінің мықтылығына байланысты, не жарылады немесе жарылмайды. Негізі космонавт скафандры шар ғой! Ішіндегі қысым 1 атмосфера!
3) Сатурн, қазақша Қоңырқай ғаламшары. Уикипедия мынандай жалпы мағлұмат береді:
«Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ.
Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы — 54000 км; Сатурн — Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады»
Яғни, Қоңырқай ғаламшарын су толған бассейінге салып қойсақ ол онда батпайды!
4) Жер өз орбитасымен орташа есеппен алғанда 29,765 км/сек жылдамдығымен қозғалады. Жер бетіндегі бәріміз, дәл осы қазір, өте үлкен жылдамдықпен ұшып барамыз. Таң атып бара жатқан кезде бір нүктеден жұлдыздар шоқ болып аққаның көрсең, онда жер атты үлкен космостық кемесінің иллюминаторынан қарап тұрмын де!