Ия, әр қыз өзін сұлумын деп есептейді менің ойымша. Кіші кезден бастап анамның косметикасына қызығатынмын. Әсіресе, қызыл помадасына. Сөмкесінен шығарып алып, ернімді бояй жөнелгенім есімде. Сол помада Мэри Кэй компаниясының косметикасы болатын. Мен білген ең алғашқы косметика осы.Әр қыз бала косметиканы қолданып қана емес, сонымен қатар оны сатып алуды ды жақсы көреді деп ойлаймын. Дегенмен, косметика таңдағанда қателікке жол бермеу керек, себебі, біріншіден теріс таңдау сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін, екіншіден теріс таңдауға текке ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Ең алдымен сізге мынаны білу керек. Барлық косметика өзінің функциясына байланысты 3 түрге бөлінеді. Масс маркет – бұл әр адам сатып алатын ең қолайлы косметика. Косметиканың бұл түрі көбіне тері,аяқ ,тырнақ және шаш күтіміне арналған. Мысалы сіз бет күтіміне байланысты өнімді сатып алсаңыз бұл түрдегі косметика сіздің беттегі қара дақ, безеу , әжім тағы да сол сияқты проблемаларыңызды ескермеуі мүмкін. Мидл-маркет косметикасы. Косметиканың бұл түрі биологиялық тұрғыдан қауіпсіз зиянын тигізбейтін табиғи консерванттарды құрайды. Ескере кететін жайт бұл косметиканы 6 айда ауыстырып тұру керек. Денсаулығыңызға зиян келтірмес үшін тек бір компанияның косметикасын қолданған жөн. Себебі, әр фирманың косметикасының құрамы әртүрлі. Үшінші түрі – космецевтика. Космецетика өзара үш түрге бөлінеді. Бірінші деңгейіне медициналық тұрғыдан бәрі білетін косметикалар жатады. Бұндай косметика дәріханада міндетті түрде бар болады. Негізгі сатып алудың мақсаты- тері мәселелері. Яғни, мақсаты- беттегі әжім, безеу сияқты кішкене тері ауруларын терапиялық жолмен кетіру. Сонымен қатар бетті ылғалдандырады және кішкене әжімдерді кетіреді. Екінші деңгейдегі косметика терінің беткі қабатына ғана емес , ішкі қабатына да әсер етеді. Мақсаты - асқынып кеткен тері ауруларымен күреседі. Үшінші деңгейдегі косметика соңғы жылдары ғана ойлап шығарылды. Мүмкіндігі терінің ішкі, сыртқы қабатына да әсер етеді. Ең басты ескере кететін жайт косметикаңыз түпнұсқа болуы керек. Қолдан ешқашан сатып алмаңыз. Қазақта “Сұлулық әлемді құтқарады” деген мақал-мәтел бар. "Сұлумын" деу косметиканы қолдану деген сөз емес, қорытындылай келе сізге Табиғат-ана берген сұлулықты ұмытпай бағалағаныңыз жөн.