Қоштасу....
блог
Жылдардың жеңдіріп тезіне,
Мен сені ұмытқан екенмін.
Бейуақта көріндің көзіме,
Қуандым... Қуанбай нетермін?!
Баяғы әдемі қалпыңда,
Тал бойың нәп-нәзік сымбатты.
Дір ете қалған сәт бар тұлғам,
Көздерің көзіме тіл қатты.
Үнсіздік...
Хал ғана сұрастық.
Төмендеу қарады ұялшақ жанарың.
Бір кезгі балалық ұнастық
Сезімге ұласты...
Мен көзімнің астынан қарадым.
Сағат...
Жүрдек вагондай.
Қоштасар сәт келді.
Мен сүйіп қап тағы оңбай,
Шимайлап отырмын дәптерді.
Өзара қимастық сезімге
Мұңлы бір әуен кеп қосылды.
Сүйіп-ақ алғым кеп өзім де
Әреееең... Тосылдым!
“Достарға сәлем айт,
Мен ертең жол жүрем”.
О,балалық махаббат,
Не қылған мөлдір ең?!
Қоштасу қиын-ай...
Қысылдым.
Қызғылтым ерніңді тістелеп:
-“Келіп тұр”.
Қолыңды ұсындың.
Кетістік...
Сан жылдық сағыныш басылмай.
Ендігі күніміз...
Күн емес...
Ғасырдай.
Уақыт ұрлайды күлкімді.
Түсімде көремін.
Мен өзім біртүрлі...
Біртүрлі өлеңім!!!