Көшті кім бастауда?

Нар көтерер қазақтың жігіттері кімдер? Олар өзінің арманындағы қыздарға қаншалықты лайықты? Биікті армандаймыз, бірақ соған қаншалықты лайық екенімізді білмей жатамыз – ау.

Ал, бүгінде найза алып, күш көрсететін заман әлде қайда өтіп кетті. Қазіргі болмыс біліммен, ақылмен, сауаттылықпен бағаланады. Бауыржандай атамыз елі үшін ерлік қылса, жігіттеріміз ерлік көрсете білді ме? Мәселен, көшеде қазақ қызына тиісіп жатқан жағдайда, - 40 градус аязда тоңып қалғанда, қол ұшын созғанның өзі ерлікпен пара – пар екені айқын. Бірақ, мұндай ерлік танытатын азаматтар азайып барады. Бұлда бір біздің осал тұсымыз шығар.

Көштің басында жүретін ер жігіттер екені бұрыннан мәлім. Бірақ, бүгінгі көштің басы былай тұрсын, қол ұшын созуы қиындап барады. Ал, әйелдер қауымы, жаны нәзік болса да отбасын, ошақ қасын ұстап, өзінің жұмысында да, қоғамдық шараларда да белсенділік танытып жүр. Тіпті керек десеңіз, автокөлік айдайтын, автобуста қызмет көрсететін әйелдер.

Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербете білетін қорғасындай мықты, темірдей берік нәзік жандылар. Ер азаматтарға қарағанда көшінің басын ұстауда, ашынатынымыз ер азаматтарымыз өздері билік басында да, қарапайым автокөліктерді де басқарса, аруларымыз нәзіктігін сақтап қалар еді.

Семей қаласы,
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет
студенті Лашын Сымбат.


Бөлісу: