Көшіру үшін жаза!

Көшіру үшін жаза!
жеке
блог

Көпшілігіміз үшін мектепте болсын, университетте болсын емтиханда мүмкіндігімізше көшіруге дайын болғанымыз рас. Бұл әрине жақсы баға алып келетінімен, миға білімді әкеліп соқпайды. Сіздердің бірінші рет біреуден көшіргеніңіз есіңізде ме? Бұл сұрақтың жауабы мүмкін «ертеде, мектеп кездерінде” шығар. Көшіру деген ми дамуын тежейтін жаман әдет. Одан әрі көшіруге әуестеніп алған оқушылар талпынып, еңбектеніп сабақ оқуын қояды, мидың ақпаратты жақсы сіңіретін кезін пайдаланабай әрі қарай дамытпайды. Осындайға үйренген олар өмір бойы өз күштеріне сенбей, біреуге бағынышты болып жүреді. Ал егер бұндай көрініс көпшілік мектептерде орын алса, мемлекетіміздің келешектегі жағдайы нашар болғаны.

Қазіргі таңда ғылым мен технология жақсы дамып келеді, өкінішке орай, оларды дамытып жатқандар қазақстандықтар емес, ал әлемнің жетекші мемлекеттері. Бұл мемлекеттер осындай шыңға қалай жетті деген сұрақ қойсақ, жауаптарының бірі ол - мемлекеттегі білім беру жүйесінің сапалы болғаны. Яғни біздің Қазақстанымызда да балаларды кішкентай кезінен көшірудің жаман екенін түсіндіріп миына құйсақ, ол бала келешекте ғылымға берілген зерделі, білімді, зиялы тұлға болып өседі. Ал осындай азаматтардың саны көбейсе, мемлекетіміздегі білім дәрежесі ұлғайа түседі. Осындай нәтиже алу үшін білім министрлігі білім жүйесімен қатар мұғалімнің бала өміріндегі каншалықты маңызды рөл атқаратынын қайтадан қарастыруы қажет деп есептеймін. Білім жүйесін жаңарта отырып, көшіруге аса назар аудару қажет, оған жаза қолдану қажет. Себебі балаларды күтіп отырған ересектер әлемінде көшірген үшін сотталып жатса, неліктен көшіру бала үшін үлкен мәселе емес?!