Көшбасшылық – заман талабы!

        Көшбасшы деген кім? Нағыз көшбасшылық қандай болуы керек? Сіз өзіңізді көшбасшы санайсыз ба? Не себепті?

        Иә, жазар мақалам осы сұрақтар аясында болмақ. XXI ғасыр жаңа ойларды іске асырудағы бәсекелестік заманы. Бұл заманның көшбасшысы болу кімнің арманы емес, айтыңызшы? Бәрі армандайды-ақ. Бірақ, биіктегі шыңға шығудан бастамас бұрын,жаныңыздағы жүрер далаға назар салыңыз. Шыңға шығуды мақсат тұту жақсы нәрсе. Бірақ, кіші нәрседен бастағанымыз дұрыс болар. Сонымен нағыз көшбасы дегеніміз кім? Ертеректе көштің алдын басқарушыны, не болмаса ел басқарып отырған хан, билер мен көсемдерді айтқан.

         Ал, қазіргі заман талабына сай көшбасшысы кім? Әрине, ол өзіңіз. Осы мақаланы оқып отырған жан. Не себепті? Көшбасшы болу үшін мансап, байлық, дәреже керек пе? Мүмкін, бірақ олар қатып қалған қағида емес. Сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз, оған жетер жоспарыңызды да жасақтадыңыз. Уақыт өтісімен қабілетіңіз бен талапшылдығыңыздың арқасында жеттіңіз. Ісіңіздің қас шеберісіз. Бастысы, сіз өзіңізге көшбасшылық жасадыңыз. Нағыз көшбасшы қасиеттері мақсатшылдық, жігерлілік, сенімділік.

         Нағыз көшбасшы қандай болуы керек? Өзінің білгенін басқалармен бөлісу, сенім арту, жоспарлы адам болу. Кейбір адамдар, мақсатсыз көшбасшы болып жатады. Иә, мақсатсыз. Көшбасшылықтың қатып қалған заңдылығы жоқ. Тек ой ұшқырлығы.

         Сіз өзіңізді көшбасшымын деп санайсыз ба? Ал мен өзімді бұл атаудың қатарына жатқызамын. Өзімшілдік пе? Жоқ, мүлде олай емес. Мүмкін жақсы оқитын болғандықтан, мектебінде көшбасшы болар дерсіз. Жоқ, менің бағаларым орташа. Менің ойымша басшылық жасау үшін бағаның қатысы жоқ. Жәй ғана өмірден мысал қарастырайық. Математика сабағы. Жақсы оқитын оқушыға тапсырмасын береді, ол өзі есептей береді. Себебі жақсы оқиды және сенімді оқушы. Ал үшке оқитын оқушыны тақтаға шығарады. Апайларына байқатпай басқадан көшіру, не болмаса, жақсы оқитындардың көрсеткен ишараттарымен тапсырманы орындап шығады.

        Нәтижесі мынау, жақсы оқитын оқушы ЖОО не болмаса кәсібінде жетістікке жетер. Үшке оқитын оқушыда дәл солай. Неге? Орынды сұрақ. Себебі ол мектеп кезінен тәуекелшілдікке, шешім қабылдай алуға, өмірде кездесетін есеп секілді қиындықтардан қулықпен, тапқырлықпен шығу жолдарын үйренген. Сол себепті нағыз көшбасшы болу үшін бағаның әсері жоқ. Тек ісіңізге жауаптылық, тапқырлық, жаңа идеялар жасайтын қабілетіңіз болса жеткілікті.

        Не себепті көшбасшысыз? Адам өмірге келудегі мақсаты жеке тұлға атанып, өзінің жолын жасау деп ойлаймын. Ал басқаларға басшылық жасап, өзіңіздің білгеніңізбен неге бөліспеске, неге көшбасшы атанбасқа? Бәрі өз қолыңызда. Маған ұстазымның айтып отыратын бір даналық сөзі бар «Қолыңа іс алсаң, соңына дейін жеткіз, жолыңдағы сәтсіздіктерге мойыма, олар уақытша нәрсе» дейді. Осы сөзді медет етіп, мақсатыңға асығыз. Уақыт санаулы.



Бөлісу: