Қош, сау бол!
жеке
блог
блог
Шыдамасам сезімнің сынағына,
Көмейіме ән келер бір ағыла,
Түңілетін боп жүрмін жалғыздықтан,
Сіміретін боп жүрмін сыраны да.
Ұнатамын.
Рас, оны ұнатамын.
Қапияда атқанмен құба таңым.
Күңгей жақтан өзіңді көрмеген күн,
Өзімді-өзім «шыда» деп жұбатамын.
Қош, сау бол!
жауапсыз сезімдерім.
Ашылғандай осы сәт көзім менің.
Сағынумен қиналған жүрегіме,
Жаратқаннан сұрадым төзім тегін.
Қош, сау бол!
махаббат бала күңгі,
Сілтеткен қапияда қаламымды.
Ойларымның түбіне жетсем-ау деп,
Тұңғиыққа түн іші салам ұңғы.
Қош сау бол!
ынтызар бала көңіл,
Қиырларға жетелеп барады өмір.
Өзге жанға ұмтылып ұсынсаң гүл,
Өн бойымды қаптайды жара небір...