Қош келсек – қоңыржай...
жеке
блог
блог
Ассалаумағалейкүм!
Уағында қазақ баласы қараша үйдің тұсына келгенде «кім бар-ау», я болмаса «сөйлес» деп дыбыстаушы еді ғой. Кейде ойлаймын, қазіргі қат-қабат қарбаласқан дүниеде түзу сәлем де табу да қиын-ау деп. Сіздің патшалығыңыздағы көңіл-сарайыңыздың тұсына келіп, бізде бағзы бабалардың салтын қылып тұрмыз, қадірлі оқырман. Қош келсек – қоңыржай, бос келсек – өмір... жәй... Бұйымтай – ортақ дүниеміз. |
Өткенде...
Өткенде...
өмірді бастарда,
көктеуге ынтыққан өмірмен,
көктемге ынтыққан көңілмен,
тап келдім,
тап келдім сенің мен,
әлемің,
аспаның,
жаныңа,
көп келдім көктемгі бағыңа,
бұйығы, балауса шағыңда,
шашыңа көк гүлдер тағына,
сен жүрдің,
сен жүрдің ішінде ен гүлдің,
«Махаббат бар ма?» деп мен жүрдім,
сендіргің келетін,
күн өпкен жүзіңнен мен өпкім,
жаныңды жанымның төрі еткім,
тәніңді тәнімнің төрі еткім
келетін,
о, бәлкім, сен білдің,
мен сонда білмеген екенмін,
ертерек бүрлеген екенмін,
бір баққа бөлене бермесін,
бір бақта гүлдеген екеудің,
өткенде...
өмірді бастарда...