Қош келдің,НАҒЫЗ ҚАЗАҚ жаңа жылы!

"Наурыз айы туғанда,той болушы еді бұл маңда" деген өлең жолдары еріксіз есіме түсіп кетті.Наурыздың шапағаты,наурыздың жылылығы күннен-күнге мереке жақындаған сайын сезіле бастады.Ұлыстың ұлы күні  желтоқсан айының ең соңғы күнінде тойланатын,қазаққа жат жаңа жылдан асып түсер ме екен?Бірақ Елбасының өзі үлкен мән беріп жылдан-жыға Наурыз мейрамын тойлау күнін ұзартып келеді.Бұл қызметтегң адамдарға да,біз сияқты студенттерге де қолайлы болмақ.Бір ғажабы бұл мейрам екі нәрсесіз өтпейді:бірі-қазақтың киіз үйі,екіншісі-дәмі тіл үйірер-"наурыз көже".Бұл мерекеде адамдар бір-бірімен татуласып,реніштері болса кешіріп,алыстап кеткендер жақындап,бір-біріне самарқанның көк тасындай жібіп,енді тас жібігенде адамның жүрегі қалай жібімесін?

Бір сұрақ:біз,Қазақ елі,Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде атап өтеміз бе?

Студент ретінде жауап беретін болсам:Ия,біздің ЖОО-да Наурыз мерекесі 18-іне басталды және 18 сәуірге дейін жалғасады.Мерекенің бірінші күні Ақселеу Сейдімбекке арнап тамаша кеш  өткізілді.Домбыраның құлағында шебер ойнайтын үлкен ағаларымыз домбыраның қос ішегінен күмбірлетіп күй төкті.Естеліктер айтты.Кеш қонақтары мен студенттерге арнап "наурыз көже"  мен бауырсақ берді.Дегенмен де бұл көже менің ауылымдағыдай,біздің әжелер,аналар дайындайтын көжеге жетпейді екен.

Ал қаладағы үйде мейрамды тойлап кеттік,әпкем "наурыз көже" әзірледі.Оларда жұмысында шағын мерекелік думан қылып өткізген көрінеді.

Астана қаласында әз Наурызда 68 киіз үй тігіледі деп көрсетілген.Оның 40-қа жуығы "Қазақ елі" монументі алаңында тігіледі.Мені толғандырған мәселе,осы қазақтың киіз үйі 1-2 ай бұрын қаланың кез келген тұсына орнатыла беретін шыршалар секілді ұзақ уақытқа тұрады ма екен?Шыршаға кеткен ақшаны есептесек қаншама ақша бос кетіп жатқан секілді.Ал қазақтың киіз үйіне сондай қаржы жұмсап,қала тұрығындары мен қонақтарына көрсетсек,ұғындырсақ,тарихымызды түсіндірсек бұл үлкен іс болады емес пе?!"Ханшатыр","Керуен","Мега-дан" шықпайтын жастарға "KFC"-ді емес қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызсақ...Ұлттық ойындарды кеңінен ойнатсақ...Жарнамасы мықты "Кока-коланы" емес,қымыз,қымыран ішкізсек...Шетелдің даңғаза әуенін емес,қазақтың фольклорлы әдерін тыңдата алсақ...Салт-дәстүрімізді бойларына жинатсақ...Ұлттық мерекемізді ұлықтап,биікке көтерсек,одан артық бізге мейрам да жоқ,бақыт та жоқ.

Құрметті қазақстандықтар!Құрметті мұсылман қауымы,қадірлі жамағат!Сіздерді әз Наурыз-Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!Тұтас мемлекетті ұстап тұрушы күш ол елдің байлығы емес,сәулетті қалалары емес,ол адамдардың бірлігі!Тату болайық,ынтымағы жарасқан бейбіт қазақ елінің жаршысы болайық!Күлімдеп атқан таң шапағымен оянайық,шүкіршілік етейік!Мақтанайық,осындай кең байтақ жердің қожасы болғанымызға,тәубе етейік!Керегеміз керіліп,уығымыз шашылмай,шаңырағымыз нұрға толып,есігімізден ішке бақыт-береке,ырыс-құт келіп кірісін.Дастарханымыз наннан,ақтан үзілмесін!Сіздер бақытты болсаңыздар ғана еліміз мерейлі болады!



Бөлісу: