ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!

 

Өлеңі – С.Ерғалидыкы,

Әні – А.Сәндібайұлыныкы

 

Әлем бүгін тағынғандай гүл-сырға,

Айналамыз бөленгендей күн-нұрға.

Сен келгесін, бірге алып Көктемді,

Халық бүгін жасарғандай бір жылға!

 

Қайырмасы:

Наурыз,Наурыз – Бейбіт елдің таңбасы!

Наурыз,Наурыз – Бар таңдардың жолдасы!

Наурыз,Наурыз – Өмірімнің тұлғасы!

Наурыз,Наурыз – Армандардың жалғасы!

Той біткеннің базары,

Ел-жұртымның ажары,

Қош келдің Наурыз!

 

 

Ырыс пенен несібені өңгеріп,

«Құтты болсын» айтудамыз – сен келіп!

Мәре-сәре тойлап жатыр бұл күнде,

Ғалам-дағы Күн мен Түнді теңгеріп.

 

Қайырмасы.

 

Үміт пенен Сағыныштан сарғайған,

Жер-ананың тайқазанын ортайған,

Толтыруға төріме шық,Наурыз!

Жасандырып Дүниені қартайған!

 

Қайырмасы.

 




Бөлісу: