Тіліме түймедейін жыр асылып,
Өткен жылмен қоштасып, сыр ашылып.
Жақсылыққа жетелеп, құлаш ұрып,
Келіп қалды тағы бір жыл асығып.
Жаңа жылдың жыр қылып ақ парағын,
Өткен жылғы сырымды ақтарамын.
Жаңа жылда жақындап жақсылыққа,
Жамандықтан барынша сақтанамын.
Тойлаймын жаңа жылды, жаңа күнді,
Кейінгі ұрпақ қалдырдым саған үлгі.
От шашып, шампан ашып, шырша айналған,
Талайлардың басынан «бақ» арылды.
Тойлаймын жаңа жылды, жаңа күнді,
Кейінгі ұрпақ қалдырдым саған үлгі.
Өткен жылға шүкірлік айтып тұрып,
Қарсы аламын жаңа жыл, жаңа күнді.
Қарсы аламын жаңа жыл, жаңа күнді,
Жал-жаяға толтырып табағымды.
Жаңа жылдан тілеймін Елім тыныш,
«Аман қыл»-деп, отбасы, аға-інімді.
Өлең десе басылмас, бар құмарым,
Жаңа жылға қалғанын қалдырамын.
Жылан жылы сау болғын көріскенше,
Қош келдің жаңа жылым - арғымағым!!!
Арман Құдайберген