Қош, келдің Әз -Наурыз !
жеке
блог
блог
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Деректерге сүйенетін болсақ , Қазақстанда Наурыз мейрамы 1988 жылдан бері тойланып келеді . Бұл мереке күні табиғат жаңарып , қыстан шыққан төрт түлік мал төлдейді . Дәл , осы күні қыстан аман -есен шыққан ағайын бірінің үйіне барып көріскен . Міне , ата - бабамның қазақылық иісі қайда жатыр ! Ия , бүгін азат елді Алашым Наурыз мейрамын үлкен дәрежеде тойлай алады .22 Наурыз күні әр аймақ пен қала бұл мерекені өз деңгейінде тамаша өткізгені сөзсіз ! Үлкендердің ақ батасы мен кішкентайлардың сыңғырлаған күлкісі бұл шараның шымылдығын аша түсті .Атырау қаласындағы шараға Қазақстан Республикасының әншісі Өмірқұл Айниязов келді . Өзінің әндерімен Атырау қаласының жергілікті тұрғындарын осы Ұлы тоймен құттықтады .Әдеттегідей , бұл Наурыз қазақ халқының мерейін асқақтата түсті . Жастарымыз ұлттық ойын ойнап , кәрілеріміз өздерінің нақыл сөздерін айтып , елге батасын берді . Бұл мейрам көне замандардан шығыс елдерінде тойланып келе жатыр . Бүгінде , еліміз өзге ұлттар мен ұлыстар тіршілік етіп жатырған , берекесі мен ырысы тасып жатырған бақуатты елдердің бірі . Өйткені , бұл Ұлы тойды елімізде жүз отыздан астам өзге ұлттың өкілдері тойлауда . Бұған дәлел елбасымыздың тамаша стратегиясы . Енді суреттер тілімен...P/S: Наурыз құтты болсын , ағайын ! Ақ мол болсын ! Елімізде тоқшылық , жерімізде бейбітшілік болсын ! Ақ сақалды қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз аман болсын ! Қыдыр бабамыз әр шаңыраққа бақ -береке , ырыс -несібе , шат -шадыман шаттық алып келсін ! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын , халайық ! Атырау қаласынан жалынды сәлем !:)