Қош келдің, Beeline картасы!
жеке
блог
блог
Beeline компаниясыҚазақстанда баламасы жоқ төлем картасын таныстырды. Beeline мен Альфа-Банк шот ретінде мобильді телефон теңгерімі қолданылатын, Қазақстандағы алғашқы төлем картасы жарыққа шықты. Бірегей қаржылық өнім тауарлардың ақысын төлеуге, ақша аударуға, сонымен қатар ҚР кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, ай сайын сіз мобильді байланыс үшін әр түрлі сомадағы қаражатты жұмсайсыз. Мобильді интернетті қолданасыз, алыс-жақын шетелге хабарласасыз, хабарламаларды алып, хаттар жолдайсыз, қоңырау шаласыз т.с.с. Ал енді ұялы теңгеріміңіздегі сомаға карта арқылы өзіңізге қажетті заттарды сатып ала аласыз. Beeline картасына ақша салу үшін үйреншікті кез келген жолмен мобильді телефон шотын толтыру жеткілікті.
Beeline абоненттері картаға тегін қызмет көрсетуден бөлек, келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
- 1.5%-дан басталатын кэшбек
- Сыйақы - қалдыққа жылдық 6%
- Қаражатты тегін толтыру
- Жасалған операциялар туралы SMS-ақпар беретін тегін қызмет
- Қашықтан төлеу технологиясы
- Динамикалық 3D Secure коды бар қауіпсіз интернет-сауда