Қош, ендеше...

Қоштасайық?

Бұның  енді қалай  болды?

Ертегідей  өткізген  талай  күнді

Қиып кеттің  қалайша ғажаптарды?
алтыннан да  қымбатқа  балайтынды

 

Ердіңіз  шайтан  ашу  жетегіне,

Ұяң  қыз  қалды  сезім  мекенінде.

Ай  куә  боп  екеуміз  қиялдайтын,

Армандарды  жел  құшып  кеткені ме?

 

Білесіз  бе?

Сіздің  есім   аталып  тұратұғын,

Жүрегімнің  ұқпапсыз, сірә, құнын.

Өзіңізге  ынтыққан  сезімімнің,

Себебі  жоқ  жалауын  құлатудың.

 

Сыздауықтан  ауырды  мұнша  жаным,

Үмітімді   өшірмей  тұрса  жалын.

Сезіміме  сезімсіз  қош  десеңіз,

Менде  сізге  айтарым hоşça kalın (түрік тілінен аударғанда "қош бол" деген мағынада)



Бөлісу: