Кешегі күн..кешегі түн..толассыз жауынмен болды. Бүгін күздің соңғы күні ғой, бірдеңе жазайыншы деп комптың алдына енді келіп жайғаса бергенім сол еді, свет өшті де қалды. Қап-ай,ә?!
Енді міне, кешігіп қалсам да, осы бір жазбамды жазып отырмын. Сен мені кешірші!..
Күз. Ең алдымен күз дегенде бәрінің көз алдына сап-сары жапырақтар, аспанды торлаған қара бұлт, жапырағынан айрылған ағаштар, қолшатыр ұстап, жауыннан қашқан адамдар, бәрі-бәрі көз алдыңызға келді ме? Маған да.
Күз. Сен жайында қаншама ақындар қаламдарын тербеп жүр. Қаншама суретшілер сенің коңыр бейнеңді суреттеп жүр. Сырлы да сазды әуеніңнен сазгерлер ән шығарып жүр. Қаншама жандар мөп-мөлдір, мөлтек сырларымен бөлісіп жүр. Ғажап, иә! Әдемі!
Ауу, сен ше? Сен қашанғы осылай, сырттай тамсанып жүре бермексің? Сен де жаз! Сен де бөліс! (ішкі үнім осылай деп үн қатпағанша, үнсіз жүре береді екем ғой..)) Өкпең өте орынды.
Бірақ, сен мені білесің ғой, сен туралы айқайлап айтқым келмейді. Жазғым келмейді. Тек өз әлемімде, іштей ғана мұңдасам..тілдесем..жылайтын сәтімде жылап та алам. Оған тек өзің ғана куәсің. Тіпті түнгі жауған жауыныңды қимастық деп қабылдадым. Мезгіл өтіп, сен тағы келесің! Тағы да бір сағынышпен, мен сені күтетін болам!..
Қош енді, қош бол күрең күз!..