Ақын әйгілі әнші Естай жырлаған Маралдыда туған. Бұл – Ертістің ар жағында орналасқан Павлодар облысына қарайтын қарағайлы Шарбақты ауданы. Ал ақынның арғы аталарының қонысы – Баянауылдың Қызылтауы, Жүсіпбек Аймауытовтың туған жері, нақты айтқанда Жосалы, Қаратөбе деген мекендер. Оның бала кезі еліміздің қиын заманында өткен – ашаршылық, тұрмыстың өзгеруі уақыты еді. Ертістің өңірі ақындарға, әншілерге қашанда бай еді. Кешегі Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Естай ақын, Майра Уәлиқызы, Байғабыл Жылқыбайұлы, олардың замандастары, шәкірттері, ал Баяннан шыққан Алаштың серкелері Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, сал- сері Жаяу Мұса – бір бөлек әңгіме. Шарбақты, Маралды өңіріннің өзінде де ақын-әншілері аз емес еді. Осындай қоршаған ортада өскен Мұзафар Әлімбаев қаршадай кезінен сөз маржанын, тәтті күйін құлағына құйып ер жеткен. Бес жасында хат танып, алтыншы сыныпта ауылдың кітапханасында бар кітабін басынан аяғына дейін оқып, оқуға құмар бала еді. Жетімдікті де ерте көрген жан еді. Әдебиетке Мұзафар Әлімбаев он алты жасында, 1939 жылында келді. Бұл кезде саяси қуғын-сүргіндер әдбиетіміздің классиктерін жаппай қырып тастаған. Алайда сөзіміз өшірмеді. Шейіт болып кеткен боздақтардың орнын жас өркен басты. Сұрапыл соғыс жастарды жинап, қан майданға айдады. Мұзафар Әлімбаев та миномет дивизионына қатардағы жауынгер болып соғысқа аттанды. Кейін әскери саяси қызметкері болып, замполитрук болған. 1942 – 1943 жылдары атақты қанды жоса – Ржев шайқасында (құрбандары сонша көп болған соң Ржев еттартқышы деп атанған) қатысқан. Жауынгер командирлерін дайындайтын танк батареясының командирін қызметін атқарған. Соғыста бірнеше әскери газеттер шыққан, солардың арасында қазақ тілінде шығатын «Жауға қарсы аттан» деген газет те болды. Бұл газетте Мұзафар Әлімбаев қаһарман Мәлік Ғабдуллинге арналған өлеңдері шықты. «Ту тіккен» атты дастаны Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев бастаған ерлер тобына арналған. Ал «Жүрек лүпілі» деген кітабында ақын соғыс кезіндегі жас жауынгерлердің ерлігі, жалынды жігері, қайраты жырлады. Жеңісті ардагер ақын Шығыс Германияның жерінде қарсы алып, сол жерде әскери қызметін жалғастырды. Еліне оралып Мұзафар Әлімбаев ақындық, әдеби жолын жалғастырды. Газет-журналдарда жұмыс істеп, қазақ журналистикасына, баспасөзіне зор үлесін қосқан. Басында «Қазақ әдбиеті» газетінің, «Пионер» журналының редакциясында жұмыс істеп, кейін 1958 жылынан бастап ширек ғасыр «Балдырған» балалар журналының бас редакторы болып жұмыс істеген. Мұзафар Әлімбаев ақын болғанымен, оның аты қазақ әдебиетінде ең бірінші кезекте балалар ақыны ретінде қалады. Қазақ заманауи балалар әдебиетінің негізін қалаған Сапарғали Бегалинның жолын қуып, ісін жалғастырған Мұзафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің нар тұлғасы саналады. Әсіресе, балаларға, жас оқырмандарға арналған ақындық шығармалары, поэзия, тақпақтар, өлеңдер – Мұз-атаның өмірлік кәсібі, ерекше дарыны, елімізге мирас болып қалдырған ізі, дүниеге кетігіп салған кірпіші еді. Олардың тәрбиелік маңызы өте зор, сонымен қатар поэзиялық құндылығы жоғары деңгейде тұр, әрі балаларға қызық көрініп, оңай оқылып, түсінікті тілінде жазылған. Қазақ балалар әдебиетінде, поэзиясында Мұзафар Әлімбаевтың аты Қадыр Мырза Әлінің, Әнуарбек Дүйсенбиевтің, Қастек Баянабевтың аттарымен қатар тұрады. Олардың шығармаларын көбісін орыс тіліне Владимир Краснер аударды. Мұзафар Әлімбаев те әлем ақындарды қазақша сөйлетіп, шығармаларын қазақша аударды. Орыстың Пушкин, Лермонтов, Исаковский, Шығыстың Саади, Фирдоуси, Латвиялық Райнис, қырғыздың Тоқтоғұлы, Чехиялық Фучик, Венгриялық Петефи, Мұзафар Әлімбаев жасаған аудармалары арқылы қазақ тілді оқырмандарына жақын болып, кітаптары қазақша сөйлеп кетті. Ақ қалпақты ағайын қырғыздың мақтанышы «Манас» жырының аударуына да үлесін қосқандарының бірі Мұзафар Әлімбаев еді. Ал тәулсіздіктің ақ таңы атқанда, мемлекеттік рәміздері қабылданған сәтте, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева бар ақындар ұжымы бұрыңғы совет кезінде болған әнұранның Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский жазған музыкасына жаңа, тәуелсіз еліне сай сөздерін жазған (бұрыңғы сөздерінің авторлары - Қайым Мұхаметханов, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев). «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз..» деген сөздер кезіндегі Қазыбек бидің «Біз қазақ деген мал баққан еліміз...», Алаштың Жүсіпбек Аймауытовтың «Арғы атам ер түрік, біз қазақ еліміз...», Қайым, Ғабит пен Әбділданың «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған...» сияқты тарихи сөздер, қазақ халықтың өзінді әлемге танытуы, демонстрациясы, презентациясы ретінде қалады. Қазақ халқы ақсақал даналарын, шежіре қарияларын, даланың қарттарын абыз деуші еді. Мұз-ата да ұлтымыздың абызымыз еді. Тоқсаннан асып, асарын асап, жасарын жасап, бұл жалғаннан озса-дағы, тастаған сөз маржандары еліміздің рухани байлығы болып қалады, аты еліміз барда әдебиетіміздің төрінде болады, жаралған намыстан ақынның есімі жұлдыздай жарқырай береді Қош болыңыз, ақын ата, Мұз-ата, Өлеңі – биік шың, терең құз ата, Әдебиеттің, ақындардың төрінде Жұлдыз боп аты сөнбейді ешқашан да, Жетімдікті, қан жосаны да көрген, Туған жерін жырлап, даңқын көтерген, Дүниенің ақындардың өленін, Аударды да тілімізде сөйлеткен Майдан кешкен, соғыс көрген ер еді, Сөзі – маржан, намысы – өр шер еді, Балаларға өнегелі жыр жазып, Дана абыз, ақын ардагер еді