Қош бол,алтын ұя-мектебім!

Қош бол,алтын ұя-мектебім!
жеке
блог

Алтын ұя- Мектебім

*

Қайран кешегі күндерім...

Анам алғаш әкеліп партасына отырғызған еді. Есімде,қолымда гүлім бар,бүлдіршін бала едім.Ал бүгінше?...

Бүгін мен сол ұядан ұшқалы отырмын. Жүрегім сезімдерге,ойым армандарға толы,бірақ көзімде жас бар. Осындай қуанышты сәтімде мен қалай жылап тұрмын. Жоқ,жылап тұрғам жоқ. Жыласам да қайғыдан емес қуаныштанкініштен емес,қимастықтан жылап тұрмын.

Сен мені кешір,мектебім! Кешір,ұстаздарым!!!

Йә,бәлкім балалық болар,шәкірттік еркелігім болар... Мен ұстазымды,ренжіттім,тыңдамадым,сабағын бөлдім,қатарлас отырған құрбы қыздың шашынан тарттым.

Бірақ,мен сені қанша ренжітсем де,сен мені қуанта білдің ұстазым. Сол үшін де мен саған қарыздармын, ұстазым.

Міне, сені ең болмас бүгін қуантудың орнына кешегімді айтып,тағы бір жылаттым.Бірақ бүгін мен де жылап тұрмын. Өйткені сендей  ана маған ешқашан табылмас. Менің бұл күндерім енді қайтып келмейді. Әйтсе де сенің атыңа кір келтірмеймін. Мен қанатымды кеңге жайып,сенің еңбегінді ақтаймын. Шыңға шықсам ең бірінші саған бас иемін.

Сылдыр қоңырау үнін мәңгі есімде сақтаймын. бұл қоңырау үнімен мен саған келіп ем, енді кетіп барам мектебім...

Мен сенен түлеген жаспын,мен сенен ұшқан құспын.Жас болсам сенен көктедім, құс болсам сенен қанатымды кеңге жайып кетіп барам,мектебім.

Қош бол!...

Аяулы менің,ыстық ұя -Мектебім...

***

 Өзіңде өсіп,өзіңде гүлдеп көктеп ем,

Қиялмай барам!

Көңілде сұлу көктем ең.

Сағынып сендік,бала күнімді еске алып,

Ойыммен шолып өткенге сапар шеккен ем

*

Арман мен қиял асқардай болған талабым,

Үстімде костюм,қолымда дәптер қаламым.

Ұстаздың алғаш алдына келіп отырған

Оралмас мәңгі артымда қалған бала күн.

*

Оралмас қайта сендегі ыстық күндерім,

Кей күні  жылап,

Шаттанып кей күн күлгенім.

Ұстазым өзің ардақтап салған жолменен,

Дұрыста шығар есейіп өмір сүргенім.

*

Жадымда мәңгі гүл болып көктеп жатталар,

Өзіңде өткен кешегі күндер,апталар.

Партамда бірге он бір жылымды өткерген,

Құрбымның сыры жүректе мәңгі сақталар.

*

Сәулесі түсіп нұрларға бөлеп аспанды,

Өмірдің бүгін жаңаша жолы басталды.

Соңгы рет естіп қоңырау үнін қол бұлғап,

Қиялмай сені,көзімнен ыстық жас тамды

*

Жас түлек мәңгі адаспа асыл жолыңнан,

Жарқырап көкте,жұлдызың тусын оңыннан.

Анаңдай қымбат ұстаздарыңа бас иіп,

Көгершініңді ұшырғын бүгін қолыңнан.

Досжан Нұрболат