Қош бол, Нар Тұлға!

Қош бол, Нар Тұлға!
жеке
блог

 

Күні кеше Ұлы қазақ аспанынан тағы бір алтын жұлдыз ағып түсті. Бұл орны толмас қайғы қазақ өнері бәйтерегінің бір  бұтағын жұлып түсті десем болар. Нұртілеу Иманғалиұлы Ағамыздың мезгілсіз қайтыс болуы, мен үшін бұл суық хабар өте ауыр естілді. Көрген түстей сене алар емеспін осындай ұлы жандар, маған мәңгі жасайтындай көрінетін. Нұртілеу ағаның Қазақ телевизиясына 45 жыл өмірінің жартысын арнаған. Өзінің тағылымды хабарлары, «Дидар», «Діңгек», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» атты авторлық мол мұрасы көрерменнің жүрегінен ерекше орын алып, сақталынып қалған.

  Менің оқып, естіп білгенім :Нұртілеу Иманғалиұлының халқына сіңірген еңбегі, төккен тері еленбей қалмаған. Айта кетсем :Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері,«Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Журналисттер Одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты және тағы да басқа көптеген марапаттары баршылық. Нұртілеу ағаның хабар жүргізу стилінен, эфирде  өзін  ұстауынан, тіпті  көзілдірік киісінен, өзіне тән ерекше мәнері байқалып, тұратын. Бұл дегеніміз – Нұртілеу Иманғалиұлының қазіргі қазақ тележурналистикасында тұтас бір үлгі  аларлық мектебі бар деген сөз. Сонымен қатар Нұртілеу Иманғалиұлының отбасында асқар таудай Әке, қамқоршы жан бола білген.

  Менің Нұртілеу ағаны бірінші және соңғы рет көруім, 2017 жылы ақпан айында Талдықорғанда туыстарымыздың тойында болды. Сонда ағаның айтқан тілек сөзін жиналған қауым сілтідей тыңып тыңдады. Тілегінің соңын өлең – сөзбен тұйыктады. Менде соншалықты қоңыр дауысын елітіп, ұйып тыңдадым, және менің жүрегімнің түкпірінде, осы Нар Ағадай журналист болсам деген ой қылаң берді. Өзімнің журналистиканы тыңдағаныма ағаның бір сәттік дана, өткір және де мейірімді сөздері қатты әсер қалдырды.

 Қазіргі менің ұстанар қағидам:Жақсының ізін бассақ, үлгі алсақ, тырнағына тати алсақ, деген көксеу.

 Сөз соңында айтарым, Нұртілеу ағаның, «Бай қуатты болайық» деген сөзі, әр қазақ халқының жүрегінде қалды… Иман байлығын берсін! Қабірі нұрға толсын! Қош бол, Нар Тұлға!