Қош бол, нағашы
жеке
блог
блог
Аққұмда терең шатқал, сай,
Өзен де жылап жатқандай.
Қарабау суы көз жас боп,
Жоқтайды ұлын атпалдай.
Жоталар, биік құздар да,
Теңселді бүгін ызғарға.
Сәулелі көзі от күннің,
Өтпеді сол шақ мұз, қарға.
Дала да тыйып жел-демін,
Басады үнсіз кемсеңін.
Бір күрек тоңын жібітіп,
Бусанып тұрды жер-кебін...
Мінезі көркем, сабырлы.
Адал да, болған жан үлгі.
Жаратқан өзі жарылқап,
Жәннаттық етсін жаныңды!
Қош бол, нағашы...
19 қаңтар 2017 жыл