«Қош бол, Megaline! Қош бол, жоғары жылдамдықтағы Интернет!», «Менің анкетам!», «Сен маған ұнайсың!»

«Қош бол, Megaline! Қош бол, жоғары жылдамдықтағы Интернет!», «Менің анкетам!», «Сен маған ұнайсың!»
жеке
блог

           Іііііііііііііііі... Қанша «і» әрпін жазыппын? Әә-ә, он алты түйір екен ғой. Он алты демекші, жиырма екі жасқа жетейін деп жүрмін, Алла жеткізсе. Сол... он алтыншы қазанда он алты адам он алты қойылымға он алты билет сатса ғой маған, шіркін! Болмаса он алты пьеса жинақталған кітап сыйламай-ақ, өз бағасына қымбаттатып сатса, саудаласу нәтижесінде үстіне екі-үш есе қосып. Эх, Megaline! Megaline, өзіңнен айналайын! Әй, бірақ айнала алмайтын сияқтымын. Тұратын жерім жоқ, қылатын жұмысым да жоқ әлі. Осы екі нәрсеге қолымды жеткізіп алсам, айналайын Megaline, саған да Lenovo деген ақ саусақтарыма массаж жасайтын бас штабы АҚШ-та, бірақ өзі Қытайда жасалатын қытайлық нәстем сол қапталындағы тоқ сұғатын жерін жеткізе жатар. (Сөйлемді аяқтадым-ау, Қытайдың қуанышы!) Нәсте деген сөзге «бұл не нәсте екен?» деп ойлап қойғандарға қысқаша ұзын-сонар қып айтарым, менің туған атам «нәрсе» деген сөзді кейде «нәсте» деп айтады, бірақ жазбайды. Жасы сексенге келе жатыр, қаламның орнына таяқ ұстап жүрген Төретам кентінің ақсақалдар төрағасы ғой, бір сөйлеммен, он үш сөзбен айтқанда. Бір өте жақсы таныс кісінің үйінде тұратын едім, қазір үйінде тұрмайтындықтан, ол кісіні танымай қалған сияқтымын. Сөйтсем, ол кісіні дұрыс танымайды екенмін. Сол кісінің үйінде Megaline деген айналайыным бартұғын. Байқоңырда жүріп жоспарлап жүрген едім, ертең Алматыға жүргенде Интернетте қалай жүрерімді. Яш Чопра мен Каран Джохардың басқа да киноларын көрсем деп... Корей («кәріс» деп тек Қазақстандағы кәрістерді айтамын) драмаларын немесе жапондықтар айтпақшы дорамаларын көрсем деп... Ресейдің де керемет туындыларын көрсем деп... Бірақ, өкінішке (орайтындарың болса) орай, (қарайтындарың болса) қарай, солай... Екінші тақырыбыма көшсем, ол келесі абзацтан басталады екен... Айтпақшы, апай, мен де «Қысқы сонатаны» көргім кеп жүр еді осыдан бір жыл бұрын. Megaline боп жатса, Массагеттегі сіз айтқан нәстелерді көремін ғой!

         «Менің анкетам» деп жазып қойыппын. Хіһіһі!.. Жазып көрейін ал, оқып көретіндер болса егер...

         Аты-жөнім: Жансанов Медет Алпысбайұлы. (Оқу орнында Тамаев Алпысбай ағайымыз қыздардың есімдеріне таң қалып, күлетін: «Ертең әже болғандарыңда, немерелерің сол жүре ма «Айдана әже, Жанар әже» деп!?» дейтін.) ҰБТ-да немесе құжат көрсететін басқа жерлерде еш қиналмадым. Себебі аты-жөнімде «ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө» әріптері мүлдем жоқ. «Қазақша жазам ба әлде құжат бойынша жазам ба» деп те қиналмадым. Құжат болғандықтан, құжат бойынша жазасың да «Алпысбаевич» деп. Атам әкесінің есімі «Жаннысан» болғандығын айтқан. Сонымен қатар Жаннысан бабамның Ақнысан деген інісі болған екен. Дәулетияр бабамыздың бейіті сонау Атырау жақта дейді. Негізі, әкем мен атам Аралдың Қаратереңінен. Кейінірек Төретамға көшкен. Шешем болса Тәжікстанда туылған. Оқушы кезінде Бәйгеқұмға (Шиелі ауданы) көшіп келген. Сөйтіп, «место встречи» Байқоңырда дүниеге мен келгем сағат азанғы он бір жарымда. Асықпай, азанғы асымды ішіп-жеп алып, ұйқымды қандырып алып барып «выходқа» шығыппын ғой.

         Туған жылым: Қой жылы екен. Рас, қой сияқты жуаспын, ұялшақпын, жасқаншақпын. Бірақ ашуланбайтын жерде ашуланып, ашуланатын жерде де ашуланамын. (Бір сырымды айтайын, ешкімге айтып жүрмеңіздер! Алматылық массагеттіктер кездесу ұйымдастыратын болса, мен кездесуге бара алмаймын, ұяламын... Әлгі бұл оқиғаға еш қатысы жоқ бір оқиғасыз бір әңгімені жазып жіберейін осы бір тұсқа: оқу орнында аудиторияда Жанарға (Бастығым ғой, яки «страстная». Әә-ә, жоқ! Старостам ғой!) алма ма әлде алма ма, әйтеуір, бір алма бергем. Жан-жағында жан-жақтан келген жан-жақты емес қыздар кілең. Жанарға сондағы айтқаным: «Мә, алма! Бірақ мен берді деп ешкімге айтпа!» дедім дауыстап, жан-жағымда отырған жан-жақтан келген жан-жақты емес қыздардың көзінше.)

         (Қазір «Жұлдыздар отбасын» қарап қайтайын. Анкетаға не жазатын еді өзі!?) (Әә-ә, міне, қарап келдім...)

         Жұлдызы дейді... Жұлдызым: Таразы депті енді. Мен мұндай нәстелерге қызықпаймын. Сондықтан бұл жайында жазғым кеп тұрған жоқ. Бірақ «жазғым кеп тұрған жоқ» деп жазбай-ақ, бірден ештеңе жазбай-ақ қоюыма болатын еді, негізі.

         Сүйікті тағамым: Тамақ таңдамаймын, негізі. Таңдамаймын дегенде аузыма сыйғанын сала бермеймін енді... Онсыз да салмағым 72 келі, бойым 162 екен. Бәлеңкәметте «перевес» дейді. Осындай «вестардан» кейін «перевеситься невозможно». Кез келген жібіңді үзіп жібереді мына мендегі салмақ... Бәсе, жұрттың бәрі арқасын маған бастырады. Салмағымның көптігінен екен ғой. Рахаттанып «майский (жир)» массаж алады екен ғой! Қысқасы, жейтінім рәшки, мәкәрон, бірмішел, сұйық тамақ, кәртөшкі – болды. Анда-санда ғой ет тамақ, мәнті жеп жататыным. Саңырауқұлақ, басқа елдің тамақтарын жей алмаймын. Жоқ, құрыдым дегенде «доширак» ішемін. «А что?» – Ыстық сорпа же ведь! Өпшім, тамақ жасаған адамның тағамын қазанымен қоса жұтамын. Дайындаған адамдар рахметін айтып жатады. Әйтпесе, жасаған тамағы желінбей қалған қыздарды көргем. Ренжиді екен ғой олар, тіпті жылайды. Жұрт та қызық-ей! «Тамақты тауысып қой, тауысып қой!» дейді да, кейіннен «Мә-ә, семіріп кетіпсің, ә?!» деп жатады. Бірақ мен ренжімеймін. Ал бірақ тамағын тауыспасаң, маған ренжіп жатады-ей!

         Кітабым?.. Кітап оқымайтын адаммын ғой мен. Әйтеуір, әдебиет сабағында бір-екі повесті оқығаным болмаса... Онда да оларды ұмытыңқырадым. Кітап оқуға миым жете бермейді. Кішкентай мақаладағы мәліметтерді есте сақтай алмаймын. Менің қабілетім «одноразовое чтение» ғой! Дулат Исабековтың, Сұлтанәлі көкемнің пьесаларын оқығаным болмаса, онша көп оқи бермеймін. Пьесаларды оқығанды ұнатамын.

         Жазушым?.. «Сүйікті жазушым» деп айтатындай, мен өзім лайықты емеспін олай айтуға. Лайықты болу үшін кітап оқуым керек қой. Дулат Исабековтың драмалары ұнайды. Жалпы, жақсы түсірілген драмалық кинолардың сценаристеріне, жақсы жазылған драмалық қойылымдардың драматургтеріне қызығамын. Өзім де болашақта «Ва-банктың» дәрежесіндей немесе оған жуықтайтындай драмалық хикая жазғым келеді. Сондай нәстені жаза алсам, одан кейін қалам ұстамасам да риза боп жүре берер едім.

         Актерім?.. Актрисам?.. Актерды ұлтқа бөлмей-ақ жаза берейін: Бекжан Тұрыс, Ли Бен Хон. Бекжан Тұрыстың әншілігі де ұнайды. Ал Ли Бен Хонның әншілігі аса ұнай қоймады. Даусын естісем, күлкім келеді. Сонымен қатар Шах Рукх Кхан да бар. Оны айтпаса да түсінікті. Асылхан Төлеповтің де болашағынан зор үміт күтемін. Берік Айтжанов пен Нұрлан Әлімжанов та рөлдерді жақсы сомдайды. Бұдан басқа да актерлардың өнерлерін бағалаймын. Есімдері еске түспей тұр... Актрисалардан... Өнерімен қызықтырған нақты актрисам жоқ. Бәлкім, оларға көңіл бөлмеген де шығармын. Олар да ренжімес... Сценаристерден білетінім Адитья Чопра... Басқасы есіме түспей тұр. Режиссерім деп Ақан Сатаевты айта аламын. Ал «Болашақ», «Парыз», т.б. қазақ сериалдарын әлі жөнді көрмеппін. Енді Megaline боп жатса, Ютубтан үйтіп-бүйтіп көрсем деп жүрмін. «Ағайындыларды» көргім кеп жүр қайтадан. Баяғыдан кейін қайталап көрмеппін. Айта берсем, өнерімен қызықтыратын тұлғалар өте көп. Қайсыбіріне қызыға бересің!

         Сүйікті әншім... Сүйікті әншім бар деп айта алмаймын. Әйтеуір, кейде Пак Ен Ханы тыңдаймын, кейде Юриманы, кейде Қайраттың кейбір әндерін тыңдап жатамын, ал анда-санда Музарт, басқа да қазақ әншілерін тыңдаймын. Бірақ тек ұнайтын әндерін. Кім айтып жатқанына аса мән бермеймін, даусы мен әні ұнаса болды. Мейлі, даусы компьютермен «нормализацияланған тазартылған» болса да тыңдай беремін. Бекболат Тілеуханның орындағанын әндерін де тыңдаймын, термелерді де, күйлерді де... Кейде жұрт нені қосса, соны да тыңдай беремін. Бірақ билемеймін. Билей алмаймын. Билеуге ұялатынымдықтан, талай кештер менсіз өтті. Әйтпесе, кластағылар «кел де кел» деп жаман жалынатын. Оқу орнында да группадағылар ренжіп-ренжіп, ақыры үйреніп те кетті. Биге икемім жоқ, еркін қозғала алмаймын...

         Көлік, себетін... Ондай нәстелерге қызықпаймын. Миск жақпағаныма да біраз болды. Алматыға жетсем, сатып алып, жағатын шығармын, егер маған жағып жатса...

         Бүгінгілерге ҚазҰПУ-ды бітірдім. Өзіміз және бізге дейінгілер «АГУ» дейтін. Ал мұғалімдер «КазПИ-дің кезінде қандай еді!» деп естеріне қай-қайдағыны алып та жатады. Филология факультетінде оқысам да, филологқа тән бірде-бір қасиет, бірде-бір білім, тіпті үште-төрт суретім де жоқ артық. Есімде, үшінші курсымда Серік Асылбекұлының сабағын оқыдым өйтіп-бөйтіп... Өйдөйт! Ииһиһиһііі!..

         Негізінде, анкета жазам деп «бірдеңені» жазам деп жатыр едім, есімнен шығып кетті не зат екендігі. Жалпы, кім екенімді, қайдан екенімді білесіздер ғой, танисыздар. Танымайтындарыңыз да... танымайсыздар! (Сұрақтар болып жатса, қойып-қойып қалыңдарың! Есімнен танып-талып қалайын!) Ал енді, үшінші мини-тақырыпқа көшсем немесе сіздер оқып жатсаңыздар, бірге көшсек... (Көшуге танысыңның көлігі боп жатса, тіптен керемет! Әйтпесе, «аняқа дейін 500, ауыр затым бар» деп жүрмейсің да... Алматыда.)

         Тақырыбы қандай еді? Бас жағына барып, көріп қайтайын... Өләә-ә! Не зат! «Сен маған ұнайсың!» дейді. Бұл тақырыптың алдыңғы екі тақырыпқа қатысы қанша!? Ал алдыңғы екі тақырыптың бір-біріне қандай қатысы бар!? Түсінбедім!..

         Рас, кейде өмірдегі бір жағдайларға байланысты қыз баласымен танысып қалып жатамын. Сөйлесесің, әңгіме айтады олар... Мен бірінші боп танысуға, «анау-мынауды» әңгіме қылуға жасқанамын. Сондықтан кейбір қыздар өздері танысып, мені әңгімеге тартып жатады. Тартылмасаң, тартатын түрлері бар!.. Фарш қылады. Ал кейбір көптеген қыздар «сен тимесең, мен тиме». Мен де тимесем, олар да тиме... Сөзбен де сындыра алмаймын, әрекетпен де... Көмек сұраса, көмегімді берем, қарызға ашқа сұраса, болып жатса, оны да берем, «бір ызбанокқа» сұрап жатса, болып жатса, оны да берем, (бірақ Бердібек деген көрші «бір атан» тамның артындағы үйде тұрады. Жұмыстан шығып кеткен ішіп жүріп. Қазір енді күнде ішіп жүр, уды у қайтара ма деп. Таңғы алтыдағы «будильник» сол. Айқайымен, боқтау сөз саптауымен әйтеуір оятып тынады. Сағаттың тілі не алты, не жеті екенін даусынан-ақ білесің.) Иә... көмектескенім үшін немесе бірнәрсе айтып жібергенім үшін қыз баласының теліпон нөмірін, поштасын сұрамайды екенмін. Кейбір қыздар ренжиді екен бірінші боп сұрамағанға... Түнеугүні түнде түнделетіп Төле бидегі «Болайын центрдің» жанынан өтіп бара жатқанда, екі қыздың қасынан өткем. Арамыз сәл-пәл 10 сантиметрдей болды қашықтық... Бер жағындағы қыздың «Хһіімм-м» дегені әлі есімде... Сонда артқа қарамай қойып едім, ренжіп қалды-ау деймін. Әйтеуір, қалай дегенмен, ендігі жерде қай қызбен тағдыр таныстырып жатса да, «сен маған ұнайсың» деп айта алмаймын. Айтқанымнан өмірім өзгеріске ұшырамайды.

         Иә, үш тақырып үш түрлі болды. «Бұл не өзі?» деп түсінбей жатқандар бар шығар. Мен де түсінбей жатырмын. Әлгі қалай еді, «психологтардың кеңесіне жүгініңіз» дегенді кейде оқып жатамыз, естіп жатамыз ғой... Сол психологтар не дейді екен осы менің шимайлағаныма қатысты? Бұл блогта алдыма мақсат қоймадым, мазмұнын жоспарламадым да, шабытпен де жазбадым. Жәй ғана ішкі әлемдегі катаклизмалар, төңкерістер, т.б. бірдеңелер. Сол бірдеңелердің нәтижесінде осындай «бірдеңе» шықты. Түсінген адам болса, қуанар едім...

         Осы блогты (Балақайлар, «блоКты» емес! Үйге қайталау!) жазам деп біраз... Бүкірейген адаммын ғой! Бүкірейіп жазам деп, арқам ауырып кетті. Мына бір орындыққа отырамын деп... Әә-ә... Иә... Айтпақшы... («Үйге қайталау!» демекші, «Дене убежали» деген Нұрхан кластасым бір сабақта апайға қырсығып «үйге» дегенді «далаға» деп бәрімізді күлдірткентұғын.)

         Міне, сағат 0.43. Қазір PC Suite арқылы теліпонымды нөуітбоққа жалғап, Интернетке кіремін. Ол Интернетте Массагетті әйтеуір әрең дегенде ашады. Ғұғылды да аша алмайды. Массагетке блогтар қатарына қосайын! Бұл жолы кім не дер екен?

         ПіСіП: Шыны керек, «пісіп» кеттім! «Психическое растройство», «психическая неустойчивость» дей ме, қалай өзі!?.. Мекеңнің «механикалық» блогы!