Көш бастайтын көшбасшы қандай адам?

Көшбасшылық – адам дүние есігін ашқан сәттен бастап бәріне бірдей берілетін қасиет. Ол ұдайы жетілумен шыңдалады. Біз онсызда миллиондардың арасынан суырылып шығып өмірге келдік. Десек те, әлі бойыңыздағы лидерлік қасиетке күмәнмен қарайсыз ба?
Көшбасшы болу – міндетті түрде топ, ұйым немесе команда басқару деген сөз емес. Керісінше, лидерге тән қасиеттерді меңгеріп, кез келген сәтте көш бастауға дайын болу дегенді білдіреді. Мәселен, мен – тобымның басшымын, дей тұрғанмен, бұл менен басқа топта лидер жоқ дегенді білдірмейді. Тобымда 12 түрлі көшбасшыны көрдім. Қай қайсысың алсаңыз да шынайы староста болуға лайықты екенін байқайсыз. Сонда неге әрқайсысы мен басшы болуға лайықпын деп лауазымға таласпайды? Міне, осыдан көшбасшыға тән бірінші қасиет шығады. Бұл – топтың әрбір мүшесіне құрметпен қарап, олардың тұлғалық шекарасын сақтау, жетекші ретінде сайланған адамды сыйлау, оған кішіпейілдік таныту. Менің ойымша, дәл осы бір әрекет – барлық команданың берік әрі тату болуын қамтамасыз етеді. Ұмытпаңыз, команда болғандықтан, сіздер ортақ игілік үшін жұмыс жасайсыздар!
Екіншіден, жетекші әрбір топ мүшесімен жеке қарым-қатынас орнату қажет. Бес саусақ бірдей бола бермейді, десек те әрқайсысының өзінің атқаратын функциясы болады. Шынайы лидер ретінде топ басшы әрбір адамды дұрыс бағытқа жетелеу керек.
Үшіншіден, қасыңыздағы адамдарды жақсы көріңіз. Махаббат – қайтымды. Бәрімізге бізді жақсы көрген ұнайды. Онда неге бір-бірімізге ішкі сүйіспеншілігімізді көрсетпеске?!
Мен лидерлікке байланысты көптеген подкасттар тыңдадым. Ондағы мәліметтер бойынша көшбасшы адамға мына бір қасиеттер тән келеді:
- харизма;
- жетістікке ұмтылу;
- жоғары амбиция.
Егер де, лидер бойында жоғары да айтылған бірде бір қасиет болмаса, онда соңғы аталған үшеуінің маңызы көк тиынға татиды.
Менің старосталық қызметім бойынша көбісі жақсы ойда. Бір айтарым, Заринаны Зарина еткен мына менің 12 түрлі көшбасшыларым. Лидер лидерді түсінеді, оны қолдайды. Олай болса, сіздерге берер кеңесім – шынайы басшылық қасиетіңізді танытып, тобыңызға қолдау көрсетіңіз, оны жақсы көріңіз. Мейлі топ басшысы болмасаңыз да.

Егер де, лидер бойында жоғары да айтылған бірде бір қасиет болмаса, онда соңғы аталған төртеуінің маңызы көк тиынға да татымайды.
Менің старосталық қызметім бойынша көбісі жақсы ойда. Бір айтарым, Заринаны Зарина еткен мына менің 12 түрлі көшбасшыларым. Лидер лидерді түсінеді, оны қолдайды. Олай болса, сіздерге берер кеңесім – шынайы басшылық қасиетіңізді танытып, тобыңызға қолдау көрсетіңіз, оны жақсы көріңіз. Мейлі топ басшысы болмасаңыз да.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті

Қоғаммен байланыс мамандығының 2-курс студенті 

Топыш Зарина Айтпайқызы

Бөлісу: