Сөнбеді, әлі жарық – рухың сенің
Саз сырнай таба аларма дауа, емін
Тіпті қобыз суреттеп бере алмас
Өткен сонша ғажайып, сиқыр демнің
Қазақтың шоғын жағып, өртке айналған
Бәйшешектей құлпырып, тым жайқалған
Тұманның ішіндегі жалғыз жарық
Елің үшін желпігіп, қайғы алған
Ұлы көсем жалған мен шынды сөккен
Пырақтай қос қанаттап самғап көкке
Менің де босқа батқан әр кештерім
Тұрмайды бір тамшы тер, жерге төккен
Ей халқым, бұл есімді естимісің
Құрметтеп, ұмытпаңдар адал ісін
Елімнің хақ төрінен кесіп даңғыл
Беріңдер алтынымнан қашап мүсін
Қош Ахаң, хатым осы, жақсы бізде
Айтарым көп, шексіз тым сыйым сізге
Жолығып қолыңыздан бата алсам
Мәңгілікке жаққандай шамды ізге
Жауынды – жас аралас тербеп белді
Есімің – бас әріптей, есте елдің
Алыптың тастап кеткен алып ісін
Қазағым түсінгендей енді енді ©Фазыл Жандос