Осындай әдемі мерекеде Сіздерге ғашығыңызға, сүйіктіңізге сыйлайтын, қолдан жасалған шағын қолөнер жұмысын ұсынамын. Жасалу жолы қарапайым. Керекті құрал-жабдықтар:
- түрлі-түсті қағаздар;
- қайшы немесе қағаз пышағы;
- желім;
- сызғыш.
Алдымен осы қағаздарды тігінен қалыңдығы - 1см етіп қырқамыз.
Жіңішкелеп қырқылған қағаздарды кішкентай таяқшаға орап, ұштарын желімдеп қосамыз. Желімдеген жерін саусақпен сәл қысыңқырап, суреттегідей формаға келтіреміз.
Енді осы формаға келтірілген қағаздарды фантазиямен түрлі фигураларды жасауға болады. Әрине, желімнің көмегімен суреттегі формаларды жабыстыру арқылы.
Міне, менің фантазиямнан туындаған қолөнер жұмысы осы. Арнайы "Массагет" сайтының қолданушылары үшін, мерекелік сыйлық.
Мұны ашық хатты сәндеу мақсатында қолдануға, картина етіп жасауға болады. Өз қалауыңыз бен фантазияңызға қарай. Жұмыс қысқа ғана уақытта аяқталды, назар қойғандарыңызға рахмет! :))