Қос бірдей қуаныш менде...

Қос бірдей қуаныш менде...
жеке
блог

Ия, осыдан тура 3 жыл бұрын арман қуып оқуға келген едік... 2010 жылы алтын ұя мектебімді тамандап(БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ) қалаға келдім. Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің "Кәсіптік білім беру(техник-бағдарламашы)" мамандығы бойынша мемлекеттік грантты жеңіп алдым. Уақыт деген тым жүйрік қой... Жеткізбейді... Міне, содан бері 3 жыл уақыт өтті. Колледжді аяқтадым. Ата-анамның үмітін ақтап, колледждің үздік түлегі атандым. Кеше "Өндірістік оқыту шебері, техник-бағдарламашы" біліктілігімді растайтын ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМҒА ие болдым. Жан-жақтан құттықтау хаттар, қоңыраулар... Бәрі мәз-майрам. Кешкісін группаластарыммен қыдыруға шықтық. Түнгі сағат 3-тер шамасында әпкем звондап, жеңешең ҚАРЫНДАСЫҢДЫ дүниеге алып келді деді. Алғашында үн-түнсіз тұрып қалдым... Мұны көрген достарым жайсыз жағдай боп қалды ма деп қоймауда... Ал мен "МЕНІҢ ҚАРЫНДАСЫМ БАР!!! АҒА АТАНДЫМ!!!" деп бар дауысыммен айғайлап жібердім. 

111

Алла қарындасымның аман-есен өсіп кетуін нәсіп етсінші!

 

p.s. бәріңіздің отбасыларыңызда осындай қуаныштар бола берсін деп тіледім! Әмин!