Қорытындылай келе...

Қорытындылай келе...
жеке
блог

Жылдың цитатасы:

"Күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең,

Сонда да күдер үзбе бір Аллаһтан" 

Жылдың ең үздік танысуы:

2011 жылы блог әлеміне жақсы ене бастағанда көп керемет адамдармен таныстым. Сол кезде іштей осы кісілермен кездесу де нәсіп болса деп ойлағанмын, шүкір, биыл көптеген кездесулер болды. Алматылық, шымкенттік, қызылордалық виртуал достармен, таныстармен жүзбе-жүз кездескеніме қатты қуанамын. :)

Жылдың ең үздік тағамы:

Анамның пісірген барлық тағамдары керемет! Әйтсе де, биыл шаурма мен ірімшік (творог) қосылған пирогты көп пісірдім, оңай әрі дәмді! :)

Жылдың ең үздік сусыны:

Газдалмаған табиғи ауыз су және Maxi tea

Жылдың ең керемет күні:

Әр күніме шүкір деймін, биыл да керемет күндер көп болды. Мәселен, көптен күткен мемлекеттік грантқа қол жеткіздім, жоғарғы шәкіртақы алатын студенттер қатарына қосылдым, "ең жақсы жүректің иесімен" кездескен кездер, емтиханнан бес алып шыққан күндер, биылғы қысқы сессия... ошым, шүкір!

Жылдың ең керемет кеші:

Тамаша кештер де көп болды, соңы бірі әрі осы жақында өткені - "Қызылордалық фейсбук қолданушыларының кездесуі", себебі бұл кеште бірінші рет мафия ойнадым. :)

Осы жылда ашылған қызығушылық:

Ағылшын тілін басынан бастап оқуды бастадым.

Орындалған арман:

Мемлекеттік грантты жеңу, Шымкентке бару, кездесулер және соңғы керемет жаңалық. :)

Жылдың ең үздік орны:

"City" деген кафелер ұнады, себебі онда көптеген жағымды кездесулер өтті. Былайынша, өз үйімде керемет сезінемін. :)

Рухани өзіндік жаңалық:

Нәпсімен күресе білу - үлкен ерлік.

Үздік әнші:

Lara Fabian, Adele, Andrea Bocelli, Ибрагим Ескендір

Үздік ән:

"Je t'aime", "Adagio" үздіктер қатарынан түскен емес, сонымен қатар биыл "Көк тудың желбірегені" мен "Ақ тілек" әндері керемет болды.

Үздік фильм:

Кинотеатрға биыл аз барыппын, бірақ "Жаужүрек мың бала"-ны тобыммен бірге көрдім. "1+1" ерекше ұнады. kinostan.kz-ке рахмет! :)

Үздік кітап:

"Абайдың қара сөздері", одан бөлек "Қарғын", "Томпыш", "Қара Маржан" және шығыс әдебиетінен біраз туынды оқыдым.

Жылдың әсері:

Түсіну, кешіру, қуану, жылау, сену, үміттену, қорқу, уайымдау, сүю, жақсы көру, күресу, талпыну, жігерлену, сағыну... 

Жылдың әділетсіздігі:

Әділеттілік бар және бола береді. Грантқа қол жеткізгенімде, мен ғана емес кафедра оқытушылары мен басқа көршілес топтар да қуанған болатын. Сонда бір студент: "Әділеттілік бар екен ғой..." дегені есімде қалды.

Ең керемет адам:

Отбасым және Ол

Жылдың сыйлығы:

Анам сыйлаған барлық дүниелер құнды, бір түйір кәмпит әкеліп берсе де қатты қуанамын. Ал, виртуалда сыйлық алу тіптен жақсы: Әлішер деген жігіттің жазбасы, Жанат ағаның байқауда сыйлаған сыйлықтары, "Массагет" ұжымының тосын сыйлары бәрі-бәрі ұнады!

Керемет жаңалық:

Көп, шүкір, әсіресе соңғы жаңалықтар... оййй, көп күттім ғой бұл күнді. Аллаһтан тіледім, өзіме сөз бердім, сендім, шүкір орындалды. [иншАллаһ] 

Жыл өкініші:

Жақын тартқан достардан қол үзу... түсінісе алмау, сенімнің болмауы.

Жыл шытырманы:

Сүйікті тобыммен Шымкентке барған саяхатымыз, небір оқиғалар болды ғой. :) Сосын, үйдегі күрделі жөндеу жұмыстары, есесіне қазір рахат! :)

Жылдың үздік лақап аты:

Ақатай және группаласым Шапағаттың "Ақнұрым" дегені ерекше! :)

Жыл тілегі:

Дұға

 

Жылан жылы жағымды жаңалықтарымен келсін. Баршаңызға денсаулық, бақ-береке, ырыс пен молшылық, жеңісті күндер тілеймін. Аллаһ баршамызға жақсылығын нәсіп етсін, армандар орындалсын. :)

П.С. Үшінші қайтара жаздым-ау... :) Баршаңызға сәттілік!