Көршінің ұлы "ұл" ма? "ұры" ма?

Көршінің ұлы "ұл" ма? "ұры" ма?
жеке
блог

Бір адамның балтасы жоғалып кетеді. Ол жоғалған балтасын көршісінің ұлы ұрлаған деп шешіп, оның ізіне түседі. Көршісінің ұлы шынымен де ұрыларша қимылдайды, сөйлеу мәнері, мінез құлықтары да балтаны ұрлаған адамдай көрінеді. 

Алайда әлгі кісі ауласын тазалап жатып, өз балтасын тауып алады. Ол келесі күні көршісінің ұлын сырттай бақылап отырып, оның қимылы мен мінез құлқының ұрыларға ұқсамайтынын көріп, іштей ғана күліп қойды.