Корпоратив
блог
Жұмысыңыздағы ең керемет өткен корпартивті көз алдыңызға елестетіңізші. Не болып еді?
Қайда өткізіп едіңіз, ұялатын жерлері жоқ па? Байқайм, қызарақтап қалған сияқтысыз. Әлде қымбатқа сатып алған көйлегіңіз бен туфлиіңіз есіңізге түсіп кетті ме?
Иа, иа бұл кинода сол сіз ойлағандай мен ойлағандай корпатив тақырыбына құралған. Бірақ, тура сіздің күйіңізбен салыстыруға асықпаңыз... Тіпті сіз бастығыңызбен билеген сәттерде жоқ.
Білмеймін, кино сол тақырыпқа құрылғанымен ол жерде жалпы корпоратив туралы аз ғана көрсетіледі.
Сіздердегідей керемет, ұзақ тост айтылып сіздің мазаңызды қашырмайды. Бар жоғы корпоратив өткеннен кейін кімнің немен айналысқаны ғана суреттеледі. Себебі, түптеп келгенде қираған офисқа біреу жауап беріп ақысын төлеу керек қой.
Шынымды айтсам киноның тақырыбының неге олай алынғанын және не айтқысы келгенін түсіне алмадым. Иа, мастар мен ұрсысып қалған әйелдердің іс - әркеттері қызық болғанымен аздап жалықтырады.
Кино бір көруге ғана жарайды, жәй өзіңіздің корпативті елестетіп, өзіңіздің корпаративтен қайтқан соң не істегеніңізді еске түсіріп қайту үшін. Арасында рас күлетін жерлер бар, бірақ толықтай қуаныш сыйлайды дей алмаймын.
Жалпы берер бағам 3/10.