Көрінісі ерекше ақшалар

Қағаз ақшалардың пайда болғанынада мың жылдан астам уақыт болды. Әлі күнге дейін мемлекеттердің ақшаларында ұқсастық кездеспейді. Солай болсада, кейде қолыңызға еш жерде кездестірмеген ақшаларда түсуі мүмкін. Look At Me тарихы қызық болған сондай ақшаларды саралаған болатын...  

Есек және мақұлық бейнеленген неміс нотгельді

Бірінші дүние жүзілік соғыс уақытында Германияда ұсақ ақша жетіспеушілігі бастау алады және соның есебінен  гиперинфляция басталған. Сол үшін Рейхсбанк жергілікті ақша нотгельді шығарады. Ол басқа Еуропа елдерінде де қолдасныста болғанымен, негізінен Германияда кең тарқалған еді. Неміс нотгельдтері жергілікті үкімет және бір неше өнім қндірушілер тәрепінен қағаз, шыны және пресстелген көмірден жасалған.  Олардың бірінде есек, екіншісінде ақсиған тісін көрсетіп тұрған мақұлық бейнеленген. Қағаз ақшалар 1923–1924 жылдары  ақырындап қолданыстан шығарыла бастаған.

Өнер қайраткерлерінің портреттері салынған Швейцария франктері

1990 жылдың бірінші жартысында Швейцария Ұлттық банкі өз қағаз ақшаларын өзгертті. Олар  вертикал көріністе еді. Қағаз ақшалардың алдыңғы бетіне архитетктор Ле Корбюзье, композитор Артюр Онеггер, суретші Софи Тойбер-Арп, мүсінші Альберто Джакометти, жазушы Шарль Фердинанд Рамю және мәдениеттанушы Якоб Буркхардттың портреттері бейнеленген. Екінші жағында болса олардың биографиясы көрсетілген. Франктер өте берік және сенімді валюта болып, олар холст, яғни кенептен тоқылған матадан жасалған.  

Ашық түстегі Самоа таласы

2008 жылы Самоа мемлекеті жаңа банкноттарын айналымға шығарды. Оларда  пейзаж, балалар, регби (футболдың бір түрі) ұлттық құрамасы, Гонконгтағы абыройлы турнир, орталық банк секілді көріністер бейнеленген. Эминент (бағалы қағаз шығару құқықына еге болған мемлекет немесе ұйым) бұл жерде негізінен ақшаларда  ашық түстер үйлестігіне баса назар аударған. Ашық қызықл, көк, сары түстер солар қатарынан.  

Лондонның бір ғана ауданында қолданыста болған фунттар

Брикстон фунты Лондонның жалғыз ауданында қолданыста.  2009 жылы жергілікті жетекшілер әлемдік дағдарыс жағыдайында экономиканы көтеру мақсатында банкнот жасап шығарды. Үкіметте оларды қолдап-қуаттады. Бұл  ақшада әнші Дэвид Боуи, қоғам қайраткері Олив Моррис, ғалым Жеймс Лавлок, баскетболшы Луол Денг және басқада танымал ағылшындардың суреттері басылған. Брикстон фунты фунт стерлингпен тең қолданылады, бірақ, коллекционерлерге ол қымбаттау сатылады.  . 

 100 триллион Зимбабва доллары

Зимбабвада инфляция дәрежесі өте жоғары. 2008 жылдың екінші жарымында  23 белгімен оны есептеп шығарған еді. Осындай дәрежедегі үлкен инфляция жағыдайында үкімет қызыметі қауқарсыз банкнот жасап шығарды. 

Еліміздің вертикал–горизонталь тенгесі

“The International Bank Note Society” (IBNS) коллекционерлер ассоциациясы Қазақстанның вертикал–горизонталь тенгесін ең үздік купюр ретінде тән алды. Банкноттың бір бетінде   1 000, 5 000 және 10 000 тенге деп вертикал жазылған, екінші бетінде болса горизонтал бейнелер бар. 

Жоғары технологиялы Канада доллары

2011-2013 жылдары Канада банкі полипропилен және полиолефинден жасалған күлгін түс банкнот жасап шығарды. Жаңа  доллар әлемдегі бірінші полимерлі купюр емес. Бірақ жоғары технология негізінде жасалған макеттің өзгешелігі жаңа ақшаның басты жеңісі саналады.  Бұл ақшаның алдыңғы бетінде елдің бас уәзірі және  Ұлы Британия ханшайымы Елизавета II нің суреті бейнеленген. 

Пикселді норвеж кронасы

Норвеж банкі купюр үшін жаңа дизайн бойынша байқау жариялаған. Байқау қорытындысы бойынша Enzo Finger студиясының “ала макеті” жеңіске жетеді. Бұл ақшаның алдыңғы бетінде маяк, дракар, толқын көріністері бейнеленген. Екінші беті “пикселді” болып, абстрак суреттер салынған. Жаңа  кроналар 2017 жылға дейін қолданысқа шығарылмайды. Оған дейін әлі қорғаныс элементтеріде енгізілуі, ғажап емес.  











Бөлісу: