Көрінбейтін таяқша... (ЭСТАФЕТА)

Ертеңгі үйілген сабаққа қарамай массагетке ойым бөлініп болмаған соң осы жазбаны жазып тыншуды жөн көрдім. Эстафета таяқшасын бір күн жүгіріп әзер қақтыым (жазбаны әлгінде ғана көрдім,кешірерсіздер ) Гүлжан Серікке алғысымды айта отырып қызықсыздау сәттерімнің қызығымен бөліскенді жөн көрдім...

Алғашқы жылы үйде тұрған мен үшін жатақхана - бейтаныс әлем. Бұл жолы елден бұрын құжат тапсырып, тұп-тура 29-шы тамызда ішке кіріп алдық... Құрбым Маралдың бөлмесіне келіп бір кісідей орналастық. Ролтонның дәурені осыдан басталды. Үшінші қабатқа көтеріліп бөлмемнің есігін ашсам бақандай алты адамдық екен. Темір кереуеттер мен киім салғыштарды көргенде тәп- тәуір тіксініп қалдым...Не керек көңіл-күй күрт төмендеді. Жалғыз қалғанға жаным үйір маған оңай болмасын ұғып-ақ тұрмын. Басым салбырап төменге түстім. Үш-төрт күн өткенде бөлмеме "қатынап" барып-келіп жүріп бір жапырақ қағаз тауып алдым. Хабарласып ем, Айнұр ертеңгісін келетінін айтты. Сонсоң келуін асыға күтіп тыпыршумен болдым. Ертесіне Тараздың бұрымды қызы келісімен, бөлмеге жайғасып алдық. Бұл менің болашақ "дұшпаным" Айкөркем еді... Онан соң Шымқаланың қара қызы келді, қалғандары кейінііірееек... Орамалға жаным құмар. Орамал таққан мені Айнұр әпке баста тұрмысқа шыққан екен деп түйіп, келісімен әбдеен мазақтап алды. Құда түсуге әзірленіп жүрген ағаммен жүгін көтерісе келген күні таныстырған... Ерке мені:"қарындасым" дегеннен бастап, Айнұр жеңге деуді бастап та кеттім... Онан соң "дұшпанымды" аңду процесі басталып кетті, қайтейін өзіммен қатары сол ғана... Төбеде орналасқан онымен төменде тұрып бойға қарамай талай тайталасатынымызды онда кім білген...  Қызықтың қызығы біздің бөлменің қыздары, бұзықтың бұзығы да осылар... Олай демеуге шарам жоқ, баспалдақпен бірге төңкеріліп, ыстық сумен "тіл табысатындар" да, билеп құлайтындар да, жылайтындар да осы бөлмеден-тін... Бәрі де қызық... Әйтеуір, көзіме ыстық көрінетін осы шаңыраққа осылай келгенмін... Биыл да байқаусызда үшінші қабатқа көтеріліп бара жатқанымды аңдамай қалам...

Қайтып бара жатқанымда: "Мако, енді ішің пысатын болды ғоой... Ешкіммен ұрыспай жүр",-деген Айкөркемнің сөзін жаз бойы зеріккенде: "Бір Айка керек болып жүр маған",-деп күліп еске алатынмын...

Ауытыңқырап кеттім негізі, қайтейін ең алғашқы күнім қайсысы болғанын қайдан білейін... Біз үшін бәрі ең алғашқыдай едіі...

Ал таяқшаны лақтырдым... Көреген көзге, қаққан қолға бұйырсын... 



Бөлісу: