Сәлем достар! Менің бүгінгі жазбам Құралай Анарбекова жайлы. Алдағы уақытта міндетті түрде өзім жайлы блог жазамын.Әзірше осыны қанағат тұтыңыздар.
Бәрімізге "Жау жүрек мың бала" фильмі белгілі. Бұл фильмде батыл қыздың рөлін сомдаған Құралай Анарбекова жайлы бүгінгі блогта аз-маз білетін боласыздар.
Құралай Анарбекова 1989 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзі қазір Алматыда тұрады. Әкесі Ғалымжан--заңгер, анасы Алтынай-үй шаруасында. Өзінен үлкен Аслан деген інісі бар. Негізгі мамандығы Технолог-программист.Ақтөбедегі политехникалық колледжде оқыған. "Жау жүрек мың бала" фильмнде ойнаған Құралай бұрын Талғат Теменовтың "Менің күнәлі періштем"фильміне түскен.
Ол "Қорлан рөліне ұсынылуым ата-әжемнің арқасы. Оларға үлкен рахмет айтамын.Өз ата-әжем Жақсылық пен Маразы Ақтөбе қаласында, ал нағашы әжем Ажар сол обылыстың Шалқар ауданында тұрады.Демалыс сайын Ажар әжемнің үйіне барып,атқа мініп,мал бағып қайтатынмын"дейді. Қорлан рөліне алынуының ең басты себебе қазақ тілінде еркін сөйлейтіндігінде екен. Кинодан қол үзер ойы жоқ.Кино шақырту алса, түседі.Бірақ әрі қарай өз мамандығы бойынша жұмыс жасайды екен. (Бизнеспен де айналысатын шығар)
Жылы:1989(жылан)
Жұлдызы: Егіздер:(11маусым)
Актері: Н.Ықтымбаев,Б,Айтжанов,Одри Хелберн
Әншісі:"МузАРТ" ансамблі,Адель.
Киносы: "Унесенные ветром" "Начало","Игры Разума".
Ақыны: Ф.Оңғарысова.
Кітабы:Б.Жандарбеков "Томирис"
Тағамы:шығыс тағамдары
Сусыны:көк шай
Бойы: 175см
Салмағы: 54 кг
Ұстанымы: Өмір бір рет қана беріледі.Сондықтан оны өкінбей өткізу керек.
Қызық оқиғасы.
Кейбір көріністер түнде түсірілді.Маусымның11-і менің туған күнім.Өз басым жыл сайын туған күнімді Ақтөбеде, ата-анамның қасында қарсы аламын.Сол күні таңертегілік ұшаққа билет алып қойдым.Бірақ 10-ы күні түнгі түсірілім бар еді.Ілиястың жаудың қорғанын құтқаратын көрінісін түсірдік. "Режиссердің көңілінен шықпай жатыр" деп, дубльді қайта-қайта қайталадық.Таң атайын деп қалды."Осының бәрі менің кесірімнен.Мен дұрыс ойнай алмай жатырмын"де ойлап, көңілім түсіп кетті.Бір уақытта "Режиссерге мүлде ұнамады.Ол енді осы көріністі мүлде басқаша етіп түсіргісі келді.Бәрін түгелдей ауытырамыз" деген хабар келді.Шыдай алмай,сол жерде жылап жібердім.Сөйтіп, қайта дайындалып,енді түсірілімді бастағалы жатқанымызда бәрі шу ете түсті.Қарасам,барлық қызыметкерлер бастарында мерекелік қалпақ, қолдарына шар ұстап алған,торттары бар.Барлығы шуылдап мені туған күніммен құттықтап жатыр.Сөйтсем,түсірілім алғашқы дубльде-ақ сәтті өтіпті.Менің туған күніме жасаған әзілдері екен.Мұндайды күтпеген едім.Сөйтіп,әуежайға жадыраған көңілмен барғанмын.