Қорқыт кім?

Көзбен көріп, құлақпен естімеген соң, өмірден өтіп, аты тарих беттерінде қалған адам жайлы айту қиынырақ әрине, дегенмен Қорқытты тарихы тұлға ретінде танимыз. Қорқыт есімі бізге құрдар құр жетпеді, өз артынан өшпейтін мұра қалдырды, яғни ақылгөй, абыз адам болып, өз білген-түйгенін айтып кеткен. Біз білетін Қорқыт өлімнен қашқан әулие ретінде таныс, ал осы тұста өз нақыл сөздерінде Тәңірін сөз еткен адам қалайша өлімнен қашуы мүмкін деген ой келеді. Барлық тірі жан мәңгілік өмір сүрмейтінін біледі. Қорқыттың өлімнен қашуы менің ойымша жай ғана аңыз. Себебі, Қорқыт өзінің бір нақыл сөзінде “Пешенесіне жазылмаса құлға қаза келмес, ажал келіп жетпейінше ешкім өлмес”.

  Осы нақыл сөзден-ақ біз Қорқыттың өлімнен қашпағанын, оның жәй ғана кез келген пенде тәрізді өлімнен қорыққанын түсінуге болады.

Қорқыт өз заманында елінің қамын ойлаған адам болған, сол себептен өл өмірде жақсы адам болып сүруді насихаттаған. Нақыл сөздеріне сүйенетін болсақ ол ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасқа, адамгершілік қасиеттерді сақтауға, дүние ісінде тәкаппар болмауға, отанды сүйіп қастерлеуге үндеген. Нақыл сөзді кез келген адам айта алмайды. Өмірден көрген білгені бар, ақылгөй, үлкен кісі айтады. Сондықтанда Мен Қорқытты дінге берік, отан сүйгіш, ақылды адам ретінде танып білдім. Адам баласы әрдайым өлімді еске алып, ажалдың бір күні келетінін түсіну қажет.



Бөлісу: