Қорқыт ата - түркі дүниетанымындағы ең ерекше тұлғалардың бірі. Қазақ халқы арасында Қорқыт ата туралы көптеген аңыз әңгімелер бар. Қорқыт ата ерекше қасиетке ие адам. Ол түркілер арасында «Тәңірмен жалғастырушы» болып саналған. Қорқыт ата кесенесін қазіргі таңда көптеген адамдар біле бермейді. Құны мен мәртебесі төмендеп бара жатыр десем де болады.
Қорқыт ата кесенесі - өте ерекше салынған сәулет өнері. Кесене Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы, Жосалы кентініе 18 шақырым жердегі Қорқыт станциясына жақын жерде орналасқан. Қобыздың үні естілетін, Қорқыттың рухы сезілетін бұл мекенге барып көру керек. Кесене қазақтың ұлттық аспабы, Қорқыттың туындысы қобыз пішіндес салынған. Тағы бір ерекшелігі самал жел мен қобыз пішіндес кесене үндесіп, қобыздың керемет үнін естуге болады.
Қорқыт ата күллі Орталық Азияға танымал түркі кезеңінің абыз,жырауы. Сөйте тұра Қорқыт ата кесенесіне келетін туристер түгілі, қазақ халқы жоқ. Кесенемізді, қобыз атты ұлтық аспабымыздың негізін қалаушы тұлғамызды,жадымыздан шығарғанымыз бәрімізге аян. Осы тұрғыда кесенемізге келушілердің санын арттырып, Қорқыт ата атын қайта жаңғырту мақсатым. Ел арасында Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, өлімге қарсы жүруші данышпан ретінде танылған. Міне осындай ақылгөй, данышпан, күйші, жырау тұлғамыздың рухын асқақтатып, кесенесіне барып, қасиетін сезіну міндетіміз.
Рухани жаңғыру дегеніміз көне, естен шыққан қазыналарымызды жаңғыртып, өзімізде руханиятымызды жаңғырту емес пе? Ендігі кезек өз қолымызда, Қорқыт ата есімін қайта жаңғыртып, келушілерді қызықтыратындай жағдай жасап, туризм бағытын жандандырайық.
Қорқыт ата түркі кезеңінің символы, тарихы түркілерге тығыз байланысты елді мекендерге Қорқыт атаның кесенесіне келіп,оның рухын сезінулеріне себеп болайық. Қорқыт ата есімін мәңгі жадымызда сақтайық. Еліміздің қазынасын, жат жерліктердің көруіне себеп болайық.
Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы,
Тасбөгет кенті, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушысы
Әжіхан Ақниет