Қорқынышты түс

Қорқынышты түс
жеке
блог

Адам өмірінің едәуір бөлігі ұйқымен өтетіні белгілі. Күні бойы тынымсыз тіршіліктен шаршап келіп, демалған сәтіңді « ұйқын қанса, дүниенің рахаты» деп айтсақ, ал кейде ұйықтап жатып, қорқынышты түстер көріп, «бұлай қорыққанымша, ұйықтамағаным артық» деп айтатын кездеріміз де болады.

Сондай кездердің бірі, бөлмедегі  Сәния деген қыз екеуміз елестер әлеміне қызығып, күні-түні видеоларды көріп отыратынбыз. Бір күні ғаламтордан «елестер әлемін зерттеген адамды, олар айналып жүреді, абай болыңыздар» дегенді оқып екі көзіміз төрт болып, оның үстіне жоғарғы курс студенттерінің балмұздақтарды  қорқытатыны тағы бар. Солардан үрейленгеніміз сонша, түнде жарықты өшірмей ұйықтайтын жағдайға да жеттік.

Жаңа жылдағы демалысымда ауылыма барғанмын. Бір күні ұйықтап жатып мынандай түс көрдім, оның алдында Астанадағы әпкеме етік алып беріп жіберуін өтінгенім бар еді, соны қатты ойлап жүрдім ба, әйтеуір түсіме сол етік кірді.

 Етік сататын дүкенде жүр екенмін. Өзіме ұнағанын қолыма алып көріп жатсам. Қасымдағы етікті біреу қарап, қолына ұстап жатқандай өзінен-өзі жерге түсті.  Хм...қызық екен. Жан-жағыма қараймын, сатушыдан басқа ешкім көрінбейді. Сөйтіп, әлгі сатушыдан «бұл кім?»,-деп сұрасам, «көрмей тұрсын ба, шайтан ғой»,- дейді. Қорыққаным соншалық «Ойбай!Біссімәллә, біссіміллә!»,- деп айқайлап қайталай бердім. Оным аз болғандай әлгі сатушы да вампирге айналып, маған ентелеп келе жатыр екен. Одан сайын жан ұшыра айғай салдым. Біссіміллә, біссіміллә деп қатты қиналып жатқанымда, құдайға шүкір оянып кеттім. Тұрсам өзім терлеп қызарып жатыр екем, жуынып болып тұрғанымда, кішкентай сіңілім жаныма келіп, «Тәте, жаңа қатты айғайладыңыз ғой» дегенде, не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым.

Жақсы сөз – жарым ырыс деген бұрынғылар. Сондықтан да жақсы сөз айтып, жақсылық жасап, үнемі айналамызды нұрландырып жүрейік! Елестер әлемін зерттеуге құмар болмайық! Әйтпесе мен сияқты қорқынышты түстер көруіңіз ықтимал.

 

Ермекова Салтанат

ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің 2-курс студенті