Қорқынышты күшіктер

Қорқынышты күшіктер
жеке
блог

Қараңғыда  жаяу жүріп келе жатсам  алдымнан  әлдебір нәрсе жүгіріп өте шыққандай. Мән бермедім әлсін-әлсін артыма қарап қойып жүре бердім. Бір кезде неше түрлі дауыстар шыға бастады. Жаңағы дауыстар маған таңсық , қызық естілді. Қасымда біреу жүріп келе жатқандай сезім пайда бола бастады. Мені біреу аңдып келе жатқандай  тәрізді. Дыбыста әлгі жыбырлаған әлдебір нәрселер жүрген сайын жақындай бастады. Енді кезек мен "қайтсем" екен деген ой мазамды алып, қорқынышым одан ары үдетте түсті. Неге екені белгісіз сол кеште менен басқа адам сол  тасжолда  жүрмейтін тәрізді, осы кей кездері адамдар  лық  толып жүретін еді. Шіркін қазір алдымнан қандай адам  болса шықса екен деген оймен келе жатырмын. Кім болсанда сенен қорықпаймын деген оймен ақырын жүріп оны алдауға тырыстым. Алдыға қарасам әлі тас қараңғы. Бір ойым маған елестеп келе жатқан болар деп өзімді алдауға тырысып келемін. Бір кезде дауыста бейнелер (әлдебір нәрсе) жоғалып кеткендей. Жаным тынышталып  терең дем алып келе жаттым. Ойымда жұмысқа тұрсам екен деген жақсы ойлармен санамды реттеуге тырысым. Ойым тағы да бөлініп кетті. Бір кезде әлгі маған естіліп келе жатқандар алдымнан шықты. Жүрегім ауызма түсті ( қараңғыда көзім көрер емес) содан жүруге қорқып не істерімді білмей сасқалақтап тұрып қалдым. Енді артыма бұрылып қарап алдыма бұрылсам әлгі маған көрінгендер екі кішкене күшіктер екен)). Менің аяғыма жабысып, бүрісіп қалды. Олардың  неге  олай  жүргендері таң қалдым. Мүмкін менің жолымды ашу үшін келдіме белгісіз. Бұл оқиға менің түсімде болған . Ұйқыдын тұрсам ұялы телефоныма хабарлама келіп тұр екен. (Онда: сіз жұмысқа қабылдандыңыз сағат 9: 00 кеңсеге келіңіз!-делінген). Сол күні мені жұмысқа қабылдаған  болатын. Түсіме енген аппақ  күшіктер мені қолдап келген шығар  бұл менің ойым. Мен бұл түсті ешқашан ұмытқан емеспін. Өздерін түсімде тамақтандырып ,жуындырып жіберіппін. Егер оларды кері иттеріп жіберсем мүмкін керісінше болар...

Түйін егер сіз қандай болсын түс көрсеніз оны жақсылыққа жорыңыз. Мүмкін сізге төбеден берілген белгі шығар...(Бұл оқиға ойдан шығарылған)