Көрікті қаламыздың қысқы келбеті
жеке
блог
блог
Ақжайық – бейбітшіліктің, келісім мен мамыражай тірліктің өлкесі. Көптеген қалалардың атаулары белгілі бір бейнелік мағыналарымен ұштасқан. Сол сияқты өзінің қайталанбас келбеті, өз сипаты бар Оралдың да осындай бейнелік ерекшелігі бар. Көгілдір жіптей созылған Ақ Жайық өңірі, Нарын құмынан айнадай жарқыраған сансыз тұнық көлдері сөз шеберлері мен сазгерлерге ғасыр жарым уақыттан аса рух беріп, әрдайым өзіне тартып тұрады. Ертеден әлемдік өркениет пен мәдениеттің айнасына айналған Ақжал толқынды Жайық өңірі қазіргі таңда жаңа белестерімен өркендей түсуде. Ал қыс мезгілінде қала көркі одан әрі келбетті.