Ақылды, көрікті, мінезі "жайлы", өнерлі, бірақ ЖАЛҒЫЗ??? Олай болуы мүмкін бе? Неліктен? Оған не себеп?
Кейде өзі сұлу, өзі ақылды, өзі "пысық", өзі бәріне икемді таныстарым, достарымның әлі күнге дейін жалғыз жүргендерін көріп "Осы жігіттер қайда қарап жүр еей, жігіт болсам мынадай "арман қызды" қашаааан қолыма қондырушы едім" - деймін де. Жо-жоқ, мен "кәрі қыздарды" (25 тен асса да теңін таппаған қыздарды солай дейді екен ғоо-ой) айтып тұрғаным жоқ, олар 18, 20-ларда. Бірақ мына қарқынмен сол әпкелерінің күйін кешетіндей ме, қалай?
Осы қыздарды бақылаап, неге жалғыз жүргендерінің себептерін білмекке жайлап сұрақтар қояғанмын.
"Жігіттер таныспайды. Түсінбеймін, ұсқынсыз емес сияқтымын, ақымақ та емеспін. Ал, ана пәленше, түгеншелердің керемет көрікті болмаса да жігіттерімен бақыттыы болып жүргеніне қызығамын. Қатты қызғанамын " - деседі. Тағы бір сұлуыңыз "Солайы солай, әй, бірақ, сен соның жігітіне қараушы ма едің? - Жоооқ. Енді не дейсің?"
СТОООП! Міне, бірінші қателік ! Көбінесе, өздерін тым жоғары бағалап, жігіттерге жақтырмай, мұрнын шүйіре қарайтын , өзін әлеміңіздегі жағыз "мисс" сияқты көретін қыздарға қарапайым жігіт жоласын ба? Әрине, жоқ.
Осылай асыра сілтейтін қыздар "ақ боз ат мінген ханзадасының" кешеуілдетіп жатқанына ренжиді содан келіп. Ал , жігіттердің бұларға тіпті жақындамауының себебі олардың өзінде екенін түсіне бермейтіндей.
Содан соң, қыздарға кішкене "планканы" түсіру керек, тым көп нәрсе талап етуді қойып, кішкене қарапайым болуғат тырысу керек.
Тым принципшіл болса да жалғыз қалуы ғажап емес. Ең бірінші жігіттерге мүмкіндік беріп, егер сезім болып жатса өзі ойдан құрастырып алған "идеал" жігітпен кішкене сәйкессіздіктері болса-дағы оларды , яғни стереотиптерді бұзудан қорықпау керек сияқты.
Негізі, себептер біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін.
Кейде ойлайтыным , мүмкін , ең басты себеп қыздардың өзін жоғарыда атап өткен "көрікті, ақылды" екендерін тым көп алға тартып, жігіттердің мысын басып қойғандықтан да болар. Содан соң, кінәліні іздеп, өздерін жегідей жеп, "Неге? Негелеп" , "жұрттың қызына" қызығып, "Оның несі артық? менің нем кем?" дейтін сұрақтарды сансыз көп рет қоюмен жүргенде, тағы біраз тәп-тәуір, қарапайым жігіттерден айырылып жатады.
Мұны жазып жатқандағы себеп не? Мүмкін, өзім де осы қыздардың қатарынан шығармын немесе мұндай оқиғаларды көп рет кездесстіріп, достарымды осы сұрақ көп толғандырғаннан ба? Қалай болған күнде де бірінші себепті өзімізден іздеу керек, қыздар!
АЙТПАҚШЫ, ҚОШ КЕЛДІК!