Көркемнің ісі де – көркем

Көркемнің ісі де – көркем
жеке
блог

Көркемнің негізі мамандығы – дефектолог. 2012 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ -ды бітірген. Ол әжесінен ою ойып, құрақ құрауды бала күнінен көріп өсті. Қызықты. Үйренді.

Бұған дейін тапсырыстарды үйінде қабылдап келсе, бір ай бұрын  Шымкенттен “Көркем” қыз жасауы орталығын ашты.

Құрбысы екеуі тапсырыс берушінің тілек-ниетіне қарай  оюлы көрпеше, жамылғы, матрац, шымылдық, бесік жабдықтарын тігеді. Сондай-ақ, тоқыма, бисер өнімдерін де ұсынады.

_MG_2990

- Қолөнер – менің өмірімнің сәні де, мәні де.  Ол мені сабырлылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Бисер, тоқыма, ілгекпен тоқуды ешкім үйреткен жоқ. Іске ебі, қызығушылығы бар адам  үйренудің жолын табады, – дейді Көркем Аблаева.

_MG_2996

Жеке іс бастау туралы ой мектеп бітіргелі бері миынан шықпайтын. Үнемі кейінге қалдырып жүрді. Сұраныс артқан соң осы жолы тәуекел етіп, “Көркемді” ашты.

_MG_3011

- Қолымнан келетін дүние болғандықтан  басқа шаруаны ысырып тастап, бастауды жөн көрдім. Адам өз қызығушылығымен айналыса бастағанда уақыттың тіпті қалай өтіп жатқанын да аңғармейды.

_MG_3012

Құрақ, оюлы көрпешелер жасау үшін адамға сабыр мен төзім керек. Мейлінше жұмыс барысында адамның көңіл күйі позитивті болғаны дұрыс, сонда жасап шыққан дүниеңіз сәтті шығады, – дейді ісмер.

_MG_3031

Жұмсалатын уақыттың ұзақтығы мен қажетті материалдың түр-сипатына қарай  жастық пен көрпешелердің бағасы да әртүрлі. Мысалы, көрпешелердің бір жұбы, яғни екеуі 7-8 мыңнан,   ал бір жұп жастықтың бағасы 1,5- 2 мың теңгеден басталады.

_MG_3037

Көрпешелерді  сапалы, қымбат матадан тігеді. Түсі тез оңатын мата бір жуған соң өңі кетіп қалатындықтан есіл еңбек пен төгілген тер еш кетеді.  Қолынан шыққан әрбір дүниесіне сәби секілді қарайды.

IMG_3019

IMG_3017

Тапсырыс берушілер көбі бір-бірінен естіп келіп жатыр екен. “Көтерме бағамен алып, өткізіп беремін” деп бірге жұмыс жасауды ұсынып жатқан алыпсатарлар да бар.

_MG_2971

Ол бұдан бөлек тоқыма бұйымдарына да тапсырыс қабылдап жүр.

_MG_2983

_MG_3033

Достарының туған күндерінде, мерекелерде ойыншықтар тоқып, сыйлайды. Мына балапанды Астанадағы құрбысына арнап тоқыпты.

_MG_3043

- Болашақта өз ісімді тоқтатқым келмейді. Мамандығым бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан күнде де кәсібімнің жүріп тұрғанын қалаймын. Қолымнан келетініне сенемін, – дейді Көркем.

Біз де сенеміз!

“Көркем” қыз жасауы орталығының мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке Хан даңғылы, 67 (Адырбеков аялдамасы)