Қорқақ қасқыр
блог
Ерте ерте ертеде қалың ағаштардың ар жағында,бұлақтар сылдырлап,алманың сабағы үзіліп жатқанда пырылдап бір аю ұйықтап жатыр.Арқасын тырнап,күні бойы,түні бойы ұйықтай береді.Оның орманда жүріп,арыстан мен түлкіге қонаққа барғанын көрмейсің.Адам мен қойға шапқанын ешкім көрмеген.Тіпті,атты кісі түсіп қарап,жаяу кісі жатып қарап,бетпен құлап,кірпікпен қадалып,жүрегі тоқтап, аң-таң болып өтіп кете беретін еді -деп қасқыр бөлтіріктеріне ертегісін бастады.Ат құлағы көрінбейтін тұман басқан кештердің бірі еді.Алыстан ешкінің маңыраған дауысы еміс-еміс естіледі.Қасеке,бөлтіріктерінің жылы көрпесін жауып,өзі де ұйықтауға дайындалып жатыр.Есікті ішінен мықтап жауып,терезесін жүз отыз сегізінші пердемен жауып қойды.Бірақ,әлгі дауыс шыға берді.Көзді ашып жұмғанша,әлгі ешкі жақындап келеді.Қасекеңнің көкірегі қарс айырылып,қабырғасы қайысып,өмірден түңіліп,бөлтіріктерін тығуға кірісті.
Моншаның ішіне кіргізіп,өзі үйде жалғыз қалды.Сағаттар мен минуттарды тосып отырған қасқырдың есігінен,кірпігінен қырау тамған ешкі кіріп келді.Зәріне мініп,зығыры қайнаған ешкі,бөлтіріктерді іздеуге кірісті. Жарғақ құлағы жастыққа тимеген қасқыр ішінен түрлі ойға батып,айбатты ешкінің қаhарынан қорықты.
Ешкі болса:
-Қасеке,жегеніңді желкеңнен шығарып,бөлтіріктеріңді жегім келіп тұрғаны,олар қайда? Деп сұрайды
Шығар-шықпас үнмен:
-Алдыңғысы гриппен,бергісі ковидпен ауырып,тоқылдақ танысымның ауруханасында жатыр.Өзіңнің маскаң қайда? -деп сұрапты.
Бармағын тістеген ешкі ,жеті лақтың кегін ертең аламын-деп ауылына қайтыпты.Содан бері,орманға ешкі келмейтін болыпты.Ал қасекең бөлтіріктерін шығарып, «Ешкіден қорқатын заман туыпты ғой»депті.
Әмина Бақытбекова