Сәлем, достар! Корей хақының басым бөлгі өз жастарынан әлдеқайда жас көрінетіні жайлы көбімізді қызықтыратыны рас. Мен бүгін өз блогымда: Корейлер қалайша жас көрінеді? Корея сұлулық индустриясы жайлы; Корей елінде кеңінен танымал әрі қарапайым бет, тері күтімінің әдістері жайлы айтатын боламын. Анығы, Түркияда тіл үйреніп жүрген корей достарым әңгімелейтін болады.
Есімім — Хоңвон Су. Мұнда мені бәрі Хакан деп атайды. Есімім айтылуға қиын болғандықтан түрікше лақап есім алдым. Жасым – 40-та. Үш баланың әкесімін. Қыздарыма да көршілерім Эге, Эдже деп түрікше есім берді. Орталық және шығыс Азия елдеріне қатысты зерттеу жұмысымен айналысамын. Қартаюдан аздап қорқамын. )) Меніңше, тек корейлер ғана емес бүкіл азияттықтар жас көрінеді. Азиаттықтар еуропалықтарға қарағанда көздері қысыңқы, кішкентай бойлы, дөңгелек жүзді болып келеді. Енді азияттықтардың ішінде корейлер неліктен биологиялық жасынан жас көрінеді деген сұрағыңа келсем, мүмкін Кореяның ауа-райынан болар. Сондай-ақ, тағамға да байланысты. Өзің білесің, корей тағамдары денсаулыққа өте пайдалы. (әзіл-шыны аралас күліп) Генетикалық тұрғыдан да әсері болуы мүмкін. Оның үстіне өмір сүру салттары басқаша. Халықтың басым көпшілігі спортпен айналысады. Оның ішінде суда жүзу кеңінен таралған. Күнделікті тағамға жеміс-жидек, көкөніс, шөп-шаламдарды көптеп пайдаланамыз. Пластикалық отаға қарсымын өз басым. Алайда кейбір жекелген тұлғалар өзінің келбетіне көңілі толмайтындықтан, ота жасатуға ықыласты. Демек, қоғамда сұраныс бар. Керек нәрсе деп ойлаймын.
Есімім – Hyesook Oh. Бірақ мұндағыларға Grace деп айтамын. Жасым 43-те. (Үш-төрт айдан кейін 44-ке келеді. Автор.) Корей тілінің оқытушысымын. Тұрмыс құрмағанмын. Өзім терінің таза, ақ болуына аса қатты мән беремін. Қандайда бетке шыққан секпіл, қалды медицинаның көмегімен алдыртамын. Жалпы бұлай жасау корей қыздарының көпшілігіне тән. Қазір мұның құны бұрынғыға қарағанда біршама арзандады. Осындай секпілдің бірін алдыратмын деп өзімше бірнәрселер жасағам, содан кішкене дақ түсіртіп алдым сол жақ бетіме. Енді содан ыңғайсызданып суретке де көп түскім келмейді. (Күліп)
Қысы-жазы демей, сыртқа шыққанда қара көзілдірік тағып жүремін. Өйткені көз айналасындағы тері нәзік болып келетіндіктен күннің, желдің өтінен қорғанып жүру керек. Мейлінше моншаға жиі барып тұруға кеңес беремін. Біздің Кореяда көптеген адамдар, әсіресе қыздар пластикалық операцияның көмегіне жүгінеді. Көз қабағын ашу – пластикалық отаның ең қарапайым, оңай түрі болғанықтан көбі осы ота түрін жасатады. Қазіргі таңда ота жасау құны бұрынғыға қарағанда құны арзандау. Шамамен екі жүз АҚШ доллары.
Корей қыздарының ең көп қолданатын әрі қарапайым бет күтімі әдістерімен бөлісе кетсем:
Бір шәй қасық ұнға қиярдың суын араластырып (үккіштен не блендерден өткізгенде сулы болып тұрады ) күнделікті бет терісіне жағып тұрсаңыз беттің ағаруына көмектеседі. Балға ұн мен сүт (су да жарайды. Сүт болса тіптен жақсы) араластырып бетке жағасыз. Қоспа қоймалжың болғаны дұрыс. Бұл қоспаны бір апта да 3 реттен қолдансаңыз ең тамаша маскалардың бірі. Мұны бетті ылғалдандыру үшін қолданамыз. Жазды күні қызарған бет үшін қартопты үккіштен өткізіп жақсаңыз әсері мол. Бетті тазалау үшін мына масканы жиі пайдаланамыз: зәйтүн майына құмшекерді араластырып, теріге күш түсірмей, жәйлап массаж жасай отырып уқалайсыз. Бұл маска мұрын үстіндегі қара нүктелерді кетіру үшін де жақсы. Сондай-ақ, сүлгіге ыстық қайнаған судан құйып, жақсылап сығып бет терісіне басамыз. Жоғарыдағы қандайда бір процедураны пайдаланып біткен соң, ең соңынан бетті салқын сумен жуған дұрыс. Себебі ашылған терінің пораларын жабуға суық су көмектеседі.Кешкісін ерте жатуға тырысамын. Мысалы өзім кешкі 22.00-де ұйықтап, таңертең алты болмай ұйқыдан тұрамын. Бет күтімі үшін қазіргі пайдаланып жүргендерім мыналар:
Бет маскасы
Бет маскасы. Бұл маскаларды таза бет терісіне 30-40 минут ұстап, біткен соң сол күйінде ұйықтаған дұрыс. Маскадан соң бетті жууға болмайды.
BB крем. Байқағандарыңыздай ұлудың белгісі бар ELENSILIA маркасы Кореяда танымал марка екен.
Бет терісі күтімі үшін
Шприцтың құтысына ұқсаған мына крем - көз айналасына арналған. Таңертең және кешке екі мезгіл қолданады.