КӨРЕРМЕНМЕН ҚОШТАСУ

КӨРЕРМЕНМЕН ҚОШТАСУ
жеке
блог

Міне, қоштасатын сәт те таяды... Алдымен баршаңызға сәлем бердік. Айтпақшы бұл Массагеттегі алғашқы жазбам. Алдағы уақытта тұрақты түрде тілдесіп тұрамыз деген ойдамын.... Тағы бір телевизиялық маусымды артта қалдырдық. Негізі "Жетінші арнада" жұмыс істеп жүргеніме екі жылдай болғанын біреу білсе біреу біле білмейді. Көп адам "Нысанаға" ауысқалы сұрай бастағаны да бар. Қашаннан бері істейсің деп))) Бұл да бағдарламаның рейтингін көрсетсе керек. Айтайын дегенім ол емес.... Биылғы маусым мен үшін не берді .... Жыл басында "Ілмек" деген айдарды аштық. Көргендеріңіз бар шығар?  Шеф редактордың төл "перзенті")) сол кісінің шешімімен эфирге шыққан. Қателеспеген екен, аз уақытта өз аудиториясын жинап алды. Біреу мақтады, біреу даттады....қарғыстың қырық түрін жаудырғандар да болды. Не керек Біз сіздерге алты ай бойы КӨРСЕТТІК))) Көргендерге рахмет!!! Енді біз кетіп барамыз бәріміз....еңбек демалысына) Жаңа маусымда күш жинап, ауылдың иісін иіскеп, топырақ кешіп, ыстық күнде ып-ыстық шайды сапырып қойып ішіп, қап-қара боп келеміз. Сосын тағы КӨРСЕТЕМІЗ! Жазыңыздар, ұсыныс-пікірлер...тақырыптар... Бағдарламаны бірге дайындаймыз, жаңа маусымда! Биылғы маусымның соңғы шығарылымы ертең 17-00 де.