Көрермен көзімен...
блог
Бүгін «Алтын Орда» зияткерлік жастар клубының мүшелері болып “Искра” кинотеатрынан билет алып, «Жаужүрек мың балаға» бардық..
«Жаужүрек мың бала»... Осынша талқыға түсіп, үлкен танымалдылыққа ие болған «бұл қандай фильм болды екен» деген ой басталғанша маза бермеді...
Фильм басталып кетті... Фильм барысында атыс-шабыс, соғыс сәттері басым болып келеді. Айта берсең, көп әрине...Аянышты сәттер... Жоңғарлардың сұсты кейіптерінің өзі адамды түршіктіреді...Жазықсыз өмірден өтіп жатқан жандар...(Киноға көп жылай бермейтінмін, осы жолы жасырмайын, көзіме еріксіз жас келді) Қыршын кеткен талай жан мен өмірдің түрлі әділетсіз тұстары көзге еріксіз жас үйірді.
Басты кейіпкерлердің батыл іс-әрекеттеріне риза болдым. Қиналса солармен бірге қиналып, солармен бірге жауға шапқандай күй кештім..) Әрбір жараланған қазақ үшін, жыным кеп, жоңғарларды өзім-ақ тас-талқанын шығарғым келді... Не керек, киноның ішіне әбден кіріп кетіппін..))
Бастысы, Жауға қарсы тұрған қалың қазақ қолы мыңға жетпесе де, әрқайсысының бойында мыңына татитындай батылдық пен қайсарлық бар.. Жаужүрек десе, жаужүрек!.. Меніңше, фильм Ұлттық рухымызды бір көтеріп тастағандай болды! Ержүрек халықтың ұрпағы азаттық үшін күрескен ұлы бабаларын ұмытпақ емес! Арайлап атқан азаттық таңымыз үшін батыр бабаларымызға мың тағзым!..
Сонымен, кино өте жақсы, көруге тұратын кино деп толық айта аламын! Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу оңай емес... Мейіргүлдің «Ұр, бәлем, аяма, аяма»...деген сөздерін, Назеркенің жазбасындағы суреттің «тарих» екенін енді түсіндім..)) Жаңа туындының әсерінен соң, кең пейілді көрермен көзімен айтарымыз тек артықшылықтары мен ұнағаны боп тұр.. )) Ендеше, фильмді көрмегендер болса, көруге асығыңыздар дегім келеді!