Көрер «МЕН»

 

Мені көрдің бе әлемнен,
Мені көрдің бе аспаннан?
Жауындай жұмбақ жан ем мен,
Жанынан мөлдір жас тамған.

Жасымды көргін теңізден,
Жасымды көргім бұлттардан.
Мұңым мен сырым егіз боп,
Қуанышымнан «құтқарған».

Жанартау көрсең сөнбеген-
Дертті жүрегім-мазасыз.
Ешкім жоқ оған дем берген,
Сіз бәлкім емдеп жазарсыз?!

Пы.Сы: 
Болмысым осы...
Драма,
Көремін десең, ал билет.
Жазмышым үшін жылама,
...Әлем тұр мені әлдилеп.
Әлия Іңкәрбек

 



Бөлісу: