"Қор болған өмірден" туған ой

"Қор болған өмірден" туған ой
жеке
блог

 

Тірісің

Тұр ұйқыңнан, ояншы Адам, тірісің,
Игі іске жаса қадам, тірісің.
Елдігіңді, бірлігіңді мұрат қыл,
Көзіңді аш, болма надан, тірісің.
Ішімдікпен күйік жазба, тірісің,
Ынтымақпен іс қыл жазда, тірісің.
Жаның барда намысыңды таптатпа,
Ел сияқты сен де адамның бірісің.
Жақсылық та, қиянат та жасайсың,
Өйткені, тек жер бетінде тірісің.
Ғұмыр қысқа, ойланып қал ендеше,
Тірі адамға лайық па жүрісің?!