1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет
Аты-жөнім: Сағындық Баубек Жалғасұлы. Атырауда туылдым, Сам құмында өстім, Ақтауда тұрып жатырмын. Шал мен кемпірдің баласымын. Әкем де, шешем де филолог сондықтан шығар аузыма тыным жоқ)))Күліп жүретін адамдарды жақсы көремін, өйткені өмірге күліп қарайтын адаммын. Болашақ төртінші биліктің өкілі, журнализмнің жүгін көтерер азаматпын. Толығырақ.
2. Хоббиің не?
Хобби дейтін хобби де жоқ. Күміс көмей әнші емеспін, мың бұралған биші емеспін, бес саусағынан әуен өрілген күйші емеспін. Жәй ғана заманның ағымына ілесіп, ақ парақты-монитормен, от сиялы қаламды-пернетақтамен алмастырған блоггер деген қауымның бір өкілімін. Хоббиім осы шығар яғни жаза беру, жаза беру.
3. Қай елге саяхат жасағың келеді?
Оһо,ел түгілі іргемде тұрған Пір Бекет атамның басына бара алмай жүрмін(негізі ұят). Сондықтан елді ойламай-ақ қояйын. Өзге елге емес бірінші өз елімді аралап алайыншы осы. Ал егер бәрі болып жатса 1-Мекке орналасқан елге барам, 2-Корея шығар)))
4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?
Адам жоқ иә?! Басқа Планета болар ем. Жерді көрдік не істейміз қайта келіп?!
5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?
<<Шыда, шыда!
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады…
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.>> Неге осы өлең?!
6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?
Әзірше "халалмын")))(Бұл сөздің өзгелерге қатысы жоқ)
7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
Бұрын бір қызды)))Қазір ол сезім жайлап өшіп жатыр, кімге жылу керек сол өзі жағып алсын. Меннен рұқсат.
8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?
Пір тұтатын адамым - Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у). Саясаткерім-Бекболат Тілеухан. Әншім-Мейрамбек Бесбаев. Әртісім-Сон Иль Гук(Жумонг). Спортшылардан-аяқдопшылар Кака мен Девид Луиз. Әдебиетте-қос қанатым қос Мұхтар. Прозада-Абайды қайта дүниеге әкелген Мұхтар Әуезов, поезияда-тіл жанашыры Мұхтар Шаханов.
9. Сүйікті спорт түрі?
Аяқдоп(футбол)
10. Сүйікті кино?
"Менің атым Қожа", "Менің атым Хан", ''Жаужүрек мың бала"
11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)
Мен сияқты еркектер қауымы. Негізі әйел басқарған жерді ұнатпаймын(өз ойым). Қазақта сөз бар ғой "Байтал шауып бәйге алмас" деген. "От ағасы" деп те бекер айтпаған.
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
Кімде ақша бар сол ұстасын яки кім тапты ақша сол кісінікі.
13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?
Қыздар жағына білмеймін еркектің қолынан ұстап кете беруге болатын шығар. Ал біздерге енді келіспейді, қалай қыздың етегінен ұстап кетіп бара жатасың?!))) Сондықтан жоқ. Негізі кетпейтін қыз табуға тырысам))))
ПыСы: Ал міне кезексөзді бізде жазып тастадық. Жазған жақсы екен. Енді кезексөздің кезегін Қайрекеме берем сол кісі жазбаған сияқты. Кезек сізде Қайреке жазбаны жалғастырыңыз. Сізге сұрағым: Егемен еліміздің ертеңі үшін не істеуміз керек?!