Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышынан арылу әдістері

Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышынан арылу әдістері
жеке
блог

Әр адам өмірінде бір рет болсын көпшілік алдында сөйлейді. Бірақ, көбіне бұл қиын соғады. Қобалжып, көпшіліктің көзқарасын сезінгенде өзін ыңғайсыз сезінеді. Көпшілік алдында сөйлей алмау, көбінесе интроверттердің қиындығы. Алайда, бұл қорқынышты жеңу қажет! Себебі, бұл өте маңызды қасиеттердің бірі. Сайысқа қатысқан оқушы, жоба қорғаған студент немесе өз ісі бар бизнесмен болсаңыз да, еш ұялмай сөйлей біле алуыңыз қажет. Осыған орай, көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектесетін ораторлар мен психологтардан әдістер:

Жиі жаттығыңыз
Ең бастысы-практикалық жұмыс.10 рет сөйледіңіз бе? Тағы сонша рет сөйлеңіз. Тіпті, айнаның алдында болсын, жаттығып, өзіңізді аудиторияңыздын алдында деп елестетіңіз. Тұрған тұрысыңыз, сөйлеген сөздеріңіз, қимылдардыңыз, барлығын қайталаңыз. Сол кезде, аудитория алдына шыққанда ыңғайсыздық сезінбейсіз.

Сахнамен, сөйлейтін жермен мұқият танысыңыз
Сонда, көпшілік алдында өзіңізді сол жерде еркін ұстай аласыз. Себебі, барлығы таныс жерде, сенімді жүре аласыз. Ал егер, ешкім болмай тұрып микрофонмен сөйлеп жаттықсаңыз, дауысыңыздың басқаша естілуі, сізге кедергі болмайды.

Өзіңізді сенімді ұстаңыз
Іштей қалай қобалжысаңыз да, сырттай көрсетпеуге тырысыңыз. Уақыт өте келе, сіздің денеңіз де, өзін еркін ұстап, өзіңізге деген сеніміңіз ұлғаяды. Ол үшін сөйлеу мәнеріңіз сенімді, сыртқы келбетіңіз таза болуы қажет.

Тым жылдам сөйлемеңіз
Сөйлеу мәнеріңізге назар аударыңыз. Тыныс алуыңызға мұқият болыңыз. Тез аяқтау үшін, тез әрі түсініксіз сөйлеп немесе қобалжудан тым баяу сөйлеуден сақтаныңыз. Өзіңізге және аудиторияңызға ыңғайлы қарқында сөйлеу маңызды. Себебі, тыңдаушылар сіздің ойыңызды түсінуге үлгермей, сізге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан, арасында тоқтап, су ішіп, ойыңызды жинақтап алуыңызға болады. Бірақ шектен тыс, уақыт созбаңыз!

Тыңдаушылардың көзіне қараңыз
Қобалжудан көбі проекторге, қағазға немесе төбеге қарайды. Бірақ, аудиториямен көзбе көз байланыста болу қажет. Сол кезде адамдар да сіздің айтып жатқан сөздеріңізді мұқият тыңдайды. Алайда, сіз үшін бұл өте қиын болса, бас үстінен қараңыз. Сол кезде сіз біреудің көзқарасынан кобалжымай, сол уақытта аудиториямен байланыста боласыз.

Жалпы, барлығы тәжірибемен уақыт өте келеді. Әр сахнаға шыққан сайын, қобалжу біртіндеп азаяды. Содан соң, сіз одан мүлде арылып, аудитория алдында еркін сөйлей аласыз. Ең бастысы-өзіңізге сеніңіз!
 
 
 

 
Ещё 
 
Напишите сообщение...