Көпшілігі күткен "Күзгі бал" сайысында...

Күз-жыл мезгілдерінің ішіндегі ең көріктісі. Күз көптеген адамдарды әсіресе ақындарды терең ойға батырады.

  Қазанның 19 күні. Бұл күнді көпшілігі асыға күткен еді. Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мектеп-интернатында жоғарғы сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Күзгі бал" кеші өтті. Бұл кешке әр сыныптан екі оқушы қатысты. Қатысушыларға арнайы критерийлер қойылды.

 Кеш 10 сынып оқушыларының әсем әуенімен басталды. Кезек-кезек әрбір жұп өз өнерлерін көрсетті.Қатысушылардың тың илеяларының арқасында кеш көңілді өтті.

  Кеш сонында Ханзада мен Ханшайым таңдалды. Олар 10 "А" сынып оқушылары Айтжанов Ерғалым мен Бауыржанқызы Раушан. Осындай нәтижемен "Күзгі бал" кеші ырғақты әуенмен аяқталды.



Бөлісу: