Көпке танымал Шымқаланың жігіттері
блог
ЮРИЙ НИКУЛИН. ГЕОРГИЙ ВИЦИН. ЕВГЕНИЙ МОРГУНОВ. Бұл есімдер ешкімге де бейтаныс емес. Егерде кімде-кім ойланып таба алмай жатса, жоғарыдағы суретке қарасын. Есіне түсері сөзсіз. Мен бұл үшеуін шырайлы Шымқаланың қызуқанды, көңілді жігіттеріне ұқсаттым. «Неге олай айтасың?»-деп ешкім мені жазғыра қоймас. Олай айтуыма түрткі болған, бір кездері көзі қырағы КССР көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кино әлеміне өзіндің жаңашылдығымен келген «Кавказская пленница, или Новые приключения Шурика»- атты кино туынды. Киноға зер салып қарасаңыз оқиға желісі қарапайым әрі қызықты. Комедия арқылы көпшілікке, біріншіден қоғамдағы жақсы мен жаманды екіге бөліп, екіншіден, өз ұлтының салт-дәстүрлерін көрсете білген. Бұны мен айтпасам да, талай жылды артына тастаған уақыт- кино туындының өз бағасын беріп, тасқа таңба қылып басып тастаған. Фильм сол кездегі, бүгінгі, (болашақты уақыт көрсетер(мүмкін болашақтың да) сүйікті кино туындысы болғаны, болып жатырғаны, (мүмкін болары) сөзсіз. Киноның ең қызықты сәті суретте ортада отырған қызды- АЛЫП ҚАШУ. Бұл киноны жалықпай, қызыға тамашалаймыз. Жарайды, Тақырыпқа тереңіне көз салсақ. «Көпке танымал Шымқаланың жігіттері»-деп тақырыпты алуымдағы негізгі ой, «Қыз алып қашу»- мәселесі. Осы туынды біздің ҚАЗАҚСТАНда, ШЫМКЕНТтің ұл-қыз жігіттерінің қатысуымен түсірілгенде берілер баға қандай болар еді??????? Қыз алып қашу! Бұл әлі де бар. Шымкентте- дәстүр. Ал Қазақта- зерттелмеген дүние. Бірі- былай сүйрейді, бірі-былай тартады. Ал мен сол Шымқаладан болған соң, Қыз алып қашуға дәстүр деп қараймын. Осы сөзді көп қыздардың басынан түтін түтеп шықпай тұрғанда «Қызды өз келісімімен алып қашу»-деп өзгертсек. Себебі өмірлік жарың-ұрпағыңның көрінісі. Өз басым тілдеспей-сөйлеспей кім көрінгенді алып қашпас едім. Бұл менің өз ойым.
«Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатқан,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.»- осылай келетін Қадір ағаның өлеңі бар. Бұл тақырыпты көтерудегі негізгі ойым, «Әр баста-бір қиял»-дейді. Көкірегі ояу, көзі ашық Массагеттіктер бұған қалай қарайды? Жақтайды ма? Даттайды ма? Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар ...