Көп күттік-ау өзіңді...

     Ассаламу алайкум! Сен әлі ораза ұстасам ба жоқ па деп ойланып жүрсің бе? Күн ыстық, мен шөлге шыдай алмаймын деген ойдың жетегіндесің бе? Тоқта, өз өзіңді босқа алдама, сауаптан құр қалма! Егер сен мұсылман болсаң, ақыл есің орныңда болса, балиғатқа жасың жетсе бітті саған ораза ұстау парыз.  Еш қиыны жоқ ораза туралы аз-кем мәлімет төменде. Айтпақты, тіпті муфтият бекіткен ораза кестесін де саған бола салдым осы жазбаға. Ендеше кеттік... бірін қалдырмай оқимыз....)) Хадистер....

Оразаның артықшылығы

 
Оразаны араб тiлiнде "صَوْمٌ" (соум) деп айтады. "الصَّوْمُ" (ораза) сөзiнiң тiлдiк мағынасы: тартыну, тыйылу, ал шарғи мағынасы: құлшылық ниетiмен таң атқаннан күн батқанға дейiн iшiп-жеуден, жыныс қатынастан тыйылу. Ораза һижраның екiншi жылы парыз етiлген. Үкiмi: парыз ъайн.

“Кiм Рамазан айының оразасын шын иман және ықласпен ұстаса, оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi.”
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкiм кiрмейдi. Қиямет күнi: “Ораза ұстағандар қайда?”, – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкiм кiрмейдi.”
Хадистi Сәһл ибн Саьдтан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Қиямет күнi Аллаһ Тағала жолына екi нәрсенi жұмсаған адамды жәннаттың бiр есiгiнен: “Ей, Аллаһтың құлы! Бұл –жақсылық”, – деп шақырылады. Намаз оқығанды “намаз” есiгiнен, Аллаһ Тағала жолында соғысқанды “жиһад” есiгiнен, ораза ұстағандарды “Раййан” есiгiнен, ал садақа бергендердi “садақа” есiгiнен шақырады”, – деп айтқан уақытта Әбу Бәкiр (р.л.ғ.): “Бұл есiктерден шақырылғандарға не қам, не қайғы. Алайда, осы есiктiң барлығынан бiрдей шақырылатын пенде бола ма?”, – деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Иә, болады. Мен Аллаһ Тағаладан Сiздi солардың бiрi болуыңызды тiлеймiн”, – деп жауап бердi.”
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

 “Мен Расулуллаһқа (с.ғ.с.) барып: “Маған бiр амал бұйырыңыз. Мен сол амалды орындайын”, – деп айтқанымда, Ол (с.ғ.с.): “Ораза ұста. Себебi, онымен тең келетiн амал жоқ” - деп жауап бердi.”
 Хадистi Әбу Умамадан (р.л.ғ.) Имам Насаи риуаят еттi.
 
“Қайсы бiр пенде Аллаһ Тағала жолында бiр күн ораза ұстаса, Аллаһ Тағала сол күн үшiн оның жүзiн тозақ отынан жетпiс жылға ұзақ етедi.”
 Хадистi Әбу Саьид Әл-Худриден (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

 "Рамазан келгенде жәннаттың есiгi ашылып, тозақ есiгi жабылады, шайтандар кiсенделедi.”
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари Имам Муслим риуаят еттi.

“Жаратқан Ие айтады: “Адам баласының барлық амалы өзi үшiн. Тек ораза Мен үшiн. Мен Оразаның есесiн беремiн. Ораза – тозақ отынан қалқан. Сендерден кiмде-кiм ораза ұстаса, жаман сөз айтпасын, дауласпасын. Егер бiреу балағаттаса немесе жанжалдасса, ол: “Мен оразамын” - десiн. Мухаммадтың (с.ғ.с.) жаны билiгiнде болған Аллаһ Тағаламен ант етемiн! Аллаһ Тағала қасында оразашының ауызының иiсi мисктiң иiсiнен артық. Ораза ұстағанға екi шаттық бар. Бiрi - ауыз ашқанда қуанады, екiншiсi – Раббысының алдында тұрған уақытта ораза ұстағанына қуанады.”
Түсiнiктеме: “…мисктiң иiсiнен…” – “миск”, – хош иiстi зат.
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Ахмад, Имам Малик және Имам Насаи риуаят еттi.
 
Оразада жаман сөз айтудан және жаман iстен тыйылу

“Сiздерден бiрiңiз ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны бiреу балағаттаса немесе дауласса, ол: “Мен оразамын”, – деп айтсын.” Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.
 
“Кiм жалған айтудан және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Аллаһ Тағала оның iшпей-жемей жүргенiн қажет етпейдi.”
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.)Имам Бухари риуаят еттi.
 
Сәресi iшудiң артықшылығы

“Сәресiнi iшiңiздер, өйткенi сәресiде береке бар.”
Хадистi Әнас ибн Маликтен (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“Бiз бен Китабилер (Таурат, Забур, Iнжiл иелерiнiң) оразаларындағы айырмашылық - сәресi iшу.”
Хадистi Ьамр ибн Ьастан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.
 
Ауыз ашуға асығудың артықшылығы

“Мен және Масрұқ (р.л.ғ.) екеумiз Айшаға (р.л.ғ.) кiрдiк. Масрұқ (р.л.ғ.): “Расулуллаһ (с.ғ.с.) сахабаларынан екi кiсi жақсы iске алаңдайды. Олардың бiрi шам намазы мен ауыз ашуға асықса, екiншiсi шам намазы мен ауыз ашуды кешiктiредi”, – деп айтқанда Айша (р.л.ғ.): “Шам намазы мен ауыз ашуға асығатын кiм?” - деп сұрады.
Абдуллаһ ибн Масьуд (р.л.ғ.)
Расулуллаһ (с.ғ.с.) та солай iстейтiн.”
Хадистi Әбу Ьатыйадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

“Аллаһ Тағала: “Құлдарымның iшiнде Мен үшiн ең сүйiктiлерi – ауыз ашуға асығатындары”, – деп айтады.”
 Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

“Мына жақтан түн келiп, мына жақтан күн батса, ораза ұстаушының ауызы ашылады.”
 Хадистi Омар ибн Хаттабтан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“Адамдардың ауыз ашуды кешiктiрмеумен амандыққа кенелуi жалғасады. Ауыз ашуды кешiктiрмеңдер! Себебi, яһудилер ауыз ашуды кешiктiретiн едi.”
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Ибн Мажәһ риуаят еттi.

“Бiз Расулуллаһпен (с.ғ.с.) бiрге сапарда едiк. Күн батқаннан кейiн Расулуллаһ (с.ғ.с.) Биләлға (р.л.ғ.): “Ей, Биләл (р.л.ғ.)! Түсiп бiзге тамақ әзiрле”, – деп айтқанда, Биләл (р.л.ғ.): “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Қараңғы болуын күтпейсiз бе?”, – деп жауап бердi.
Түсiп бiзге тамақ әзiрле.
Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Сiз күнi бойы ораза ұстамайсыз ба?
Түсiп бiзге тамақ әзiрле.
Осыдан соң Биләл (р.л.ғ.) түсiп тамақ әзiрледi. Расулуллаһ (с.ғ.с.) оны iштi, кейiн шығыс жақты саусағымен көрсетiп: “Мына жақтан түннiң келгенiн көрсеңдер, ораза ұстаушы ауызын ашатын уақыт болғаны”, – деп айтты.”
 Хадистi Абдуллаһ ибн Әбу Ауфадан (р.л.ғ.) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Әбу Дауд риуаят еттi.
 
Ораза ұстаған адам оразасын немен ашады?

“Кiмде-кiм ауыз ашса, құрмамен ашсын! Құрма таппаса, сумен ашсын, өйткенi су пәк нәрсе.”
Хадистi Салман ибн Ьамирден (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.

“Сендерден кiмде-кiм ауыз ашса, құрмамен ашсын. өйткенi, құрмада береке бар. Құрма таппаса, сумен ашсын, өйткенi су пәк нәрсе.”
Хадистi Салман ибн Ьамирден (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) үнемi намаз оқудан алдын аузын жаңа үзiлген құрмамен ашатын. Жаңа үзiлген құрма болмаса, кептiрiлген құрмамен ашатын. Ол да болмаса, бiрнеше ұрттам су iшетiн.”
Хадистi Әнас ибн Маликтен (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.
 
Ифтар (ауызашар) жасаудың артықшылығы
 
“Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрi ораза ұстаушының сауабы кемсiтiлмейдi.”
Хадистi Зайд ибн ХӘлид Әл-Жүһаниден (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

“Нәби (с.ғ.с.) Умму Ьамараға (р.л.ғ.) кiргенiнде, ол Нәбиге (с.ғ.с.) тамақ ұсынды. Нәби (с.ғ.с.): “Сен де алып же”, – деп айтқанында Умму Ьамара (р.л.ғ.): “Мен оразамын”, – дедi.
- Расында, ораза ұстағанның қолынан бiреулер тамақтанып жатқан уақытта, перiштелер ораза ұстаған адамға игiлiк тiлеп тұрады.”
 Хадистi Умму Ьумара Әл-Ансариден (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.
 
Оразада ұмытып жеу
 
"Сендерден кiмде-кiм оразада ұмытып iшiп-жеп қойса, оны Аллаһ Тағала тамақтандырып, сусындатқаны. Ол адам оразасын толықтырсын.”
Түсiнiктеме: “…оразасын толықтырсын…” – шариғат бойынша төмендегiдей жағдайда ораза бұзылмайды:
Ұмытып iшiп, жеу. Бұл жағдайда ораза екенi еске түскеннен iшiп, жеуден тиылу керек;
Әлсiрететiндей мөлшерде қан алдыру. АнӘлиз үшiн қан алдырту оразаны бұзбайды;
Ерiксiз тамағына түтiн, тозаң, шыбын кiру.
Бой дәретсiз таң аттыру. Мысалы, ерлi-зайыптылар жыныс қатынасынан кейiн;
Түкiрiк жұту;
Тiстiң арасындағы көлемi бұршақтан кiшкентай нәрсенi жұту;
Ұйықтап жатып ихтилам болу.
Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.
 
“Нәби (с.ғ.с.) бойы дәретсiз халде таң аттырса шомылатын, кейiн ауыз бекiтетiн.”
Түсiнiктеме: Бойы дәретсiз халде таң аттырған адам, сәресi iшкенге уақыты аз болған жағдайда, алдымен сәресi iшiп, кейiн шомылып ауыз бекiтсе болады.
Хадистi Айша (р.л.ғ.) және Умму Сәләма анамыздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.
P.S: НИЕТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!!!!!!


Бөлісу: