Көп жігіттің арманы, бір жігіттің жан жары

Байырғы заманда интернет атты мемлекетің  Массагет атты шаһарында, күлімдеген көздерімен бірден әзілді сөздерімен жаулап алатын ханшайым өмір сүріпті, ол ханшайым көшеге көп шыға бермейді, ал бір шықса онымен кездескен адамның жүрегінің түбінен орын алатыны сөзсіз шындық. Ол ханшайымды менде басқалар сияқты қатты сыйлап, ұнатамын (әрине қарындас, дос ретінде). Шаһардың  тұрғындарымен тез  тіл табыса алады, өзіне айтылған сындардың барлығын жақсы қабылдап әзілмен жауап қайтарады. Шаһар тұрғындарының арасында оның алатын орны ерекше. Ол ханшайымға тілерім: шаһарымыздың гүлі болып, әр қашан күлімдеген көзіңмен күлімдеп жүре бер дегім келеді. Сонымен бұл ханшайым кім екен?



Бөлісу: