Анардан алған эстафетаны кешіктіріп жазғаныма кешірім сұраймын қолданушылардан айыпқа бұйырмаңыздар.
1) Прометей алауы. Қабдеш Жұмаділов
Жалпы мен өзім тарихи кітаптарды жақсы көріп қызығушылықпен оқимын. Себеби олар болған оқиғаларды баяндайды. Қабдеш Жұмаділовтың көп шығармалары тарихи шығармалар өмірде болған оқиғалар, сол себепті қызықтырады мені.
"Прометей алауы" романында қазақ хандығынан тарағанан кейінгі тарихи кезең баяндалған. Ақтайлақ би, Бопы төренің өмір сүрген кезеңдері, рулардың шежіресі мұнда Сыбан, Мұрын елдерінің шежіресі жақсы таратылған. Жер-су аттарының тарихи аттарыда жақсы суреттелген. Реті келіп тұрғанда тағы бір жер су атына байланысты аңызды сіздерге айтып беріп кетейін, Ақтайлақ бидің жатқан жеріне жақын Биесимас деген елді мекен бар. Бұлай аталу себебі сол еді мекеннің бөктерінде үлкен өңгір бар екен, жау шапқанда бір байдың үйір-үйір жылқысын қуып әкеліп осында қамаған екен сонда бір ала бие сыймай қалыпты, содан бері сол жерді "Биесимас" деп атапты. Айтып жатқан тақырыбызға оралсақ, бұл романда жазушы Аякөз қаласының алғашқы мұсылман болуы яғни Түркістаннан қожалардың көшіп келуі жайлы, Семей, Абай, Жарма мына жағы Аякөздегі жер Ақтайлақ бидің жүріп өткен жерлерін жақсы жазған.
2) Шоң би Қалмұқан Исабай
"Шоң би" кітабын оқуға поезда бірге жолаушы болған үлкен бір қария кеңес етіп еді, осыдан екі жыл бұрын. Қолым тимей былтыр ғана оқыдым. ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ руларының тартысы, сұлтандыққа талас, Шоң би ғана болмаған елдің жоғын жоқтап кедейлердің жағында болған қара халықпен бірге болғандығын көрсеткен. Қазір мұңдай үкімет басындағы адамдар жоқтың қасы ғой. (бұл жерде саяси аңгіме емес Шоң би сияқты адамның жоқтығын айттым)
Шоң бидің ерлігі Сырым батырдың ерен ерлігіне сай келеді. Баянауылға қол жеткізуге сіңген еңбегін жазады, қанша жылдан келе жатқан дәстүрді бұзып Баянауыл окрігіне сұлтан болып сайланады. Бұл кітаптада тарихи деректер көптеп кездеседі.
3) В. Ян
Васили Ян өз шығармаларында моңғол шапқыншылығын жақсы суреттеген. бірақта көбіне орыстарды мақтаған сонысы ұнамады. Шыңғыс ханның, Батый ханнын өмірлері, жаулап алған жерлерін, ең маған ұнаған жері Ресей жеріне шапқыншылығын өте жақсы суреттеген.
Менім ұсынатын кітаптарым осы. Эстафета таяқшасын болашақ филология ғылымдарының докторы, тіл маманы, Астананың ақ қоянына беремін))))